4 ақпан. Тұлғалар туған күн

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 4 ақпан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
None

ЕСІМДЕР

114 жыл бұрын (1909-1998) ақын, драматург, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әбділда ТӘЖІБАЕВ дүниеге келді. Қызылорда қаласында туған.

Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1932-1948 жылдары Қарсақбайдағы «Қызыл кенші», республикалық «Жас алаш» газеттерінде редактордың орынбасары, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, төрағасы, Қазақстан ҒА Тіл және әдебиет институты Жамбыл бөлімінің меңгерушісі болды. 1948-1958 жылдары шығармашылықпен айналысты. 1959-1984 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінің жауапты редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, Қазақстан ҒА Әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері, театр өнері бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. Ә.Тәжібаевтың «Жүректілер» пьесалар жинағы, «Халқым туралы аңыз», «Жомарттың кілемі», «Көтерілген күмбез» атты драмалық дастандары, «Майра», «Жартас», «Жалғыз ағаш орман емес», «Көңілдестер», «Қыз бен жігіт», «Монологтар» атты драмалық шығармалары жарық көрген. «Дубай Шубаевич», «Той боларда» атты комедиялары бар. Ол әдебиеттану саласында да өнімді еңбек етті. Оның «Қазақ драматургиясының дамуы мен қалыптасуы» атты зерттеуінде қазақ драматургиясының күрделі мәселелері жан-жақты қарастырылған. Ақынның «Жылдар, ойлар», «Жаданның хаттары», «Хаттар сөйлегенде», «Өмір мен ерлік» деген сын, эссе, проза кітаптарында әдебиет пен өнерге қатысты жайлар жөнінде толымды пікірлер айтылады. 1954 жылы Ә.Тәжібаевтың сценарийі бойынша «Жамбыл» фильмі түсірілді.

«Қазан төңкерісі», 2 мәрте «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.

50 жыл бұрын (1973) Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Айдын Жолшыұлы БИКЕБАЕВ дүниеге келді.

1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1990-1991 жылдары кеген облысындағы орта мектепте мұғалім болып бастаған.1996-1997 жылдары - «КРАМДС Банк» Акционерлік банктің тарату қызметін құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі заңгер. 1997 жылдың наурыз-қыркүйек айларында «Казкоммерцбанк» ААҚ Заң департаменті инвестициялық бағдарламаларды құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің заң кеңесшісі қызметін атқарды. 1997 жылдың қыркүйек-қараша айларында «Казкоммерцбанк» ААҚ Заң департаментінің екінші санатты заң кеңесшісі болды. 1997-1998 жылдары – «Имашев и Партнеры» ЖШС Алматы филиалының несиелік операциялар мен саудалық қаржыландыруды қамтамасыз ету секторының екінші санаттағы заң кеңесшісі.1998 жылдың ақпан-қараша айларында «Имашев и Партнеры» ЖШС Алматы филиалының инвестициялық жобаларды қамтамасыз ету секторының жетекші заңгері қызметін атқарды. 1998 жылы «Имашев и Партнеры» ЖШС Алматы филиалының жылжымайтын мүлік және банкинг бөлімінің басшысы болды. 1998-1999 жылдары – «Агроорталық» ЖШС заң басқармасы басшысының орынбасары. 1999 жылдың наурыз-қазан айларында «Агроорталық» ЖШС директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары болды. 1999-2002 жылдары – «Саят, Жолшы, Дархан және Бадо» ЖШС директоры. 2002-2007 жылдары - «Саят Жолшы және Серіктестер», УАК басқарушы серіктесі. 2006-2007 жылдары – «НОМАД Иншуранс» сақтандыру компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі. 2007 жылдың наурыз-сәуір айларында Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитет төрағасының орынбасары міндетін атқарушы болды. 2007 жылдың сәуір-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитет төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 2007-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі. 2008 жылдың наурыз-қазан айларында «Жеке құқық институты» ЖШС директорының орынбасары болды. 2008-2009 жылдары – «Жеке құқық институты» ЖШС директоры. 2009-2016 жылдары – Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшесі. 2015-2016 жылдары – Каспий қоғамдық университетінің (КҚУ) «Әділет» жоғары заң мектебінің аға лекторы. 2016-2017 жылдары – «Ресей Жинақбанкі» АҚ еншілес банкінің проблемалық қарыздармен жұмыс жөніндегі басқарушы директоры. 2017 жылдың наурыз-шілде айларында «Ресей Жинақбанкі» АҚ еншілес банкінің Басқарма Төрағасының проблемалық қарыздармен жұмыс жөніндегі орынбасары – Басқарма мүшесі болды. 2018 жылдан бері «Саят Жолшы және Серіктестер» адвокаттық кеңсенің басқарушы серіктесі/аға серіктесі. Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясының төрағасы (2019-2021).

Қазіргі қызметінде – 2021 жылдың қарашасынан бастап.

44 жыл бұрын (1979) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Марат Исламханұлы СЕКСЕМБАЕВдүниеге келген.

Арқалық қаласында туған. 2000 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдады.

2000-2002 жылдары Қарағанды қаласы Совет аудандық прокуратурасында; 2002-2003 жылдары ҚР бас прократурасында аға прокурор; 2003-2004 жылдары ҚР Бас прократурасында құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті басқармасы бастығының орынбасары; 2004-2009 жылдары ҚР Бас прократурасында бөлім бастығы, басқарма бастығы; 2009-2010 жылдары ҚР Әділет министрлігінің Талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры; 2010-2011 жылдары ҚР Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасы. ҚР ЭҚСЖКА Сыбайлас жемқорлық туралы істерді ашу және алдын алу департаментінің бастығы болып қызмет атқарған. ҚР Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары (2014-2015); ҚР Бас прокуратурасы бірінші департаментінің бастығы (2015-2017). Қарағанды облысының прокуроры (2017-2021). Қазақстан Республикасы Бас прокурорының аппарат басшысы (2021-2022).

Қазіргі қызметінде 2022 жылдың қарашасынан бері.

3-ші дәрежелі «Ісіне адалдық» медалімен марапатталған.

42 жыл бұрын (1981) Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Бейсенбекұлы ҚАЗИЕВ дүниеге келді.

Қарағанды облысында туған. Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.

Еңбек жолы: Алматы облысы Жамбыл аудандық сотының маманы (2003-2005); Алматы облысы Алматы облысы Ішкі істер Бас басқармасының Жамбыл аудандық бөлімі анықтау бөлімшесінің анықтаушысы (2005-2006); Алматы облысы Жамбыл ауданы прокурорының көмекшісі (2006-2008); Астана қ. «Алматы» ауданы прокурорының көмекшісі (2008-2009); Астана қаласы прокуратурасының тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры (2009-2010); ҚР Бас прокуратурасы департаментінің тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры, аға прокуроры (2010-2012); Ақмола облысы көлік прокурорының орынбасары (201222-2013); ҚР Бас прокуратурасының қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалау департаменті қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалау басқармасының аға прокуроры (2013-2014); Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары (2014-2016); Қостанай қаласының прокуроры (2016-2019). Қостанай облысы прокурорының орынбасары (2019-2021). Қызылорда облысы прокурорының бірінші орынбасары (2021-2022).

Қазіргі қызметін 2022 жылдың тамыз айынан бері атқарып келеді.

58 жыл бұрын (1965) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі Ләззат Молдабекқызы ҚАЛТАЕВА дүниеге келді.

Қызылорда қаласында туған. 1983 жылы Бүкілодақтық сырттай өнер институтын графика және станок кескіндемесі мамандығы бойынша, 1991 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын сызу және бейнелеу өнері пәні мұғалімі мамандығы бойынша, 1997 жылы ҚМЭБИ жанындағы «Арман» оқу орталығын бағалы қағаздар бойынша мәмілелер жөніндегі маман ретінде, 2009 жылы Каспий қоғамдық университетін заңгер болып тәмамдаған.

Еңбек жолы: 1987-1991 жылдары – Алматы қаласы Фрунзе аудандық мүгедектер қоғамының хатшысы; 1997-2000 жылдары – Алматы қаласының «ДАЭКО» ЖАҚ бағалы қағаздармен мәмілелер жасау жөніндегі маманы; 1998-2001 жылдары – Алматы қаласындағы «Дәнекер» ЖАҚ бағалы қағаздармен мәмілелер жасау жөніндегі маманы, Алматы қаласындағы «Қазақстан-Аудит» ЖАҚ бағалы қағаздармен мәмілелер жасау жөніндегі маманы; 2001 жылдан бастап – «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы» ҚБ төрағасы; 2006 жылдан бастап – «Алматы қаласы мүгедектер ұйымдары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы; 2016 жылдан бастап – Алматы қаласы мәслихатының депутаты.

2022 жылдың қаңтарынан бастап қазіргі қызметінде.


Соңғы жаңалықтар