4 ақпанда Алматының Алмалы ауданында су болмайды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – 4 ақпанда Алматының Алмалы ауданында біреше сағат суық су болмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Алматы су» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына сілтеме жасап.

4 ақпанда Алматының Алмалы ауданында су болмайды

4 ақпан күні таңғы сағат 9:00-ден кешкі 16:00-ге дейін Қарасай батыр – Үлкен Алматы - Райымбек – Брусиловский көшелерінде орналасқан тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарға суық су беру тоқтатылады.

«Суды өшіру магистраль желілеріне жаңа су құбырларын қосу үшін және желідегі технологиялық құрал-жабдықтарды ауыстыру үш қажет», - деп хабарлады «Алматы су» кәсіпорны.

Өтінім бойынша денсаулық сақтау және әлеуметтік сала объектілеріне су жеткізу қамтамасыз етіледі.