4 ақпанда ел аумағының басым бөлігінде қар жауып, жел күшейеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын болады,  тек батыста және солтүстік-батыста ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

4 ақпанда ел аумағының басым бөлігінде қар жауып, жел күшейеді

  Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ,  Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 24-29 м/с жетеді.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан  облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын және желдің 15-20 м/с күшеюі  сақталады. Жамбыл облысында түнде желдің екпіні 23 м/с.

 Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ, күндіз жел жаяу бұрқасынмен 17-22 м/с күшейеді.

 Күндіз Атырау облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда,  Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында тұман түсуі ықтимал, Қарағанды облысында жаяу бұрқасын болады.