4 ақпанда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 4 ақпан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

4 ақпанда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

11.00-де ҚР Ұлттық музейінде қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген «Ақмола облысының тарихи топонимдері» атты кітап-альбомының тұсаукесері өтеді.

12.00-де Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күніне орай БАҚ өкілдеріне арналған онлайн баспасөз мәслихаты өтеді.

ZOOM конференциясына қосылу сілтемесі: zoom.us

Конференция идентификаторы: 769 522 2427.

Кіру коды: 4868

16.00-де «100 күн - 100 сұрақ» жобасы аясында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың медициналық нарық қатысушыларымен, «Атамекен» ҰКП және үкіметтік емес сектор өкілдерімен онлайн кездесуі өтеді.

Кездесу тақырыбы: «Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың бірыңғай перспективалық жоспарын қалыптастыру. Kедергілер және оларды шешу жолдары».

16.00-де қалалық мәслихаттың Facebook-тегі аккаунтында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің 2022-2024 жылдарға арналған инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі есебі тындалады.

18.00-де «Хабар», «Qazaqstan», «Qazsport» және «Elarna» телеарналары XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының ашылуын көрсетеді.