4 айда өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестиция 2,1 есе артты – Әсет Ерғалиев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылдың 4 айында өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестиция 2,1 есе артты. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

4 айда өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестиция 2,1 есе артты – Әсет Ерғалиев

«Өндіруші емес салаларда жоғары инвестициялық белсенділік байқалады. Бұл экономиканың тұрақты және сапалы дамуына әртараптандыру арқылы қол жеткізуге мүмкіндік береді»,- деді ол бүгін Үкімет отырысында.

Министрдің дерегінше, кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда, негізгі капиталға инвестициялардың өсуі 32,3 пайызды құрады.

«Инвестициялардың айтарлықтай өсуін өңдеу өнеркәсібі – 2,1 есе, құрылыс – 72, ауыл шаруашылығы – 66, ақпарат және байланыс – 61, сауда – 28,3, көлік – 27,6 және жылжымайтын мүлікпен операциялар 27,5 пайыз деңгейінде көрсетті», - деді Әсет Ерғалиев.