4 балықшыны өлтірген салмағы бір тонналық қолтырауын ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Уганданың табиғатты қорғау жөніндегі ұйымының қызметкерлері салмағы бір тонна тартатын, төрт адамның өмірін жалмаған қолтырауынды қолға түсірді.

4 балықшыны өлтірген салмағы бір тонналық қолтырауын ұсталды

Жыртқыштың құрбанына айналған балықшылардың бірінің туысының айтуына қарағанда, жақынын ол тек киімінің жыртылған бөлігіне қарап таныған. Адам жегіш Вайракей, Руабитуки, Масиси, Джинджи және Маюджи аудандары балықшыларына да шабуыл жасаған, деп жазады SkyNews.

Енді ол Мерчисон Фолс ұлттық бағына тапсырылады. Ол осыған дейін өмір сүрген салмағы ең ауыр қолтырауыннан небәрі 47 келі ғана кем. Соңғысы өткен жылы ақпанда өлген болатын, деп хабарлайды Росбалт.