4 қаңтар күні мамандандырылған ХҚО-лар жұмыс істемейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ертең, 4 қаңтар күні мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясына сілтеме жасап.

«ҚР ІІМ бастамасымен көлікті тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру бойынша қызметтерді көрсетуге, сондай-ақ мемлекеттік нөмірлерді дайындауға жауап беретін ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу бойынша функциялар «АӨО» РМК қарамағына берілді. Бүгінде «АӨО» РМК және «ҰАТ» АҚ «Азаматтарға арналған үкіметтің» мамандандырылған ХҚО-да құжаттарды дайындайтын жабдықтар мен жаңа ақпараттық жүйені іске қосу бойынша реттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр» делінген хабарламада.

Осыған байланысты 2020 жылғы 4 қаңтарда мамандандырылған ХҚО-лар қызмет көрсетпейді.





Соңғы жаңалықтар