4 қараша күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 4 қараша күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

4 қараша күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН

9.00-де Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде елдегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдай мен экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері қаралады.

10.00-де ҚР Парламенті Сенатының отырысы өтеді. Күн тәртібіне Мәжіліс мақұлдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы қаралады. Отырыс www.senate.parlam.kz сайтында онлайн режимінде көрсетілетін болады

11.00-де ZOOM конференциясы арқылы Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының қоғамдық кеңесі отырыс өткізеді. https://us02web.zoom.us/j/82103916528?pwd=WXhNUWtpeHdLT1RWL1lNMzFNSUY1Zz09.

Идентификатор конференции: 821 0391 6528.

11.00-де ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырған «Ортағасырлық жазба деректердегі Қазақ мемлекеті» атты көрме өтеді.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Мемлекет басшысының жолдауы аясында Ақтөбе облысының дамуы туралы баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

15.00-де ҚР Ұлттық музейінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Графика және мүсін» залының ашылуы өтеді.