4 қазақстандық журналист коронавирус жұқтырды – ДСМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирус инфекциясын төрт тілші жұқтырып алды. Бұл туралы Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

4 қазақстандық журналист коронавирус жұқтырды – ДСМ

«Біздегі мәліметтер бойынша індетке шалдыққандар арасында төрт журналист бар. Олар инфекцияны науқаспен қарым-қатынас кезінде жұқтырып алған. Қазіргі уақытта аталған тілшілердің жағдайы қанағаттанарлық деңгейде», - деді Айжан Есмағамбетова онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Айжан Есмағамбетова мамырдың соңында елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 5,3 мыңға жетуі мүмкін екенін айтты.