4 қазан күнгі ауа райы болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 4 қазан күні Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде жауын-шашын (көбінесе жаңбыр түрінде) жауады. Қалған аумақтарында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман күтіледі, солтүстігінде және шығысында жел күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

4 қазан күнгі ауа райы болжамы

Атап айтқанда, «Қазгидромет» РМК мәліметінше, Ақмола, түнде Ақтобе, түнде және таңертең Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде және таңертең Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болжанады. Күндіз кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с артады.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде түнде 1 градус үсік күтіледі.

Түркістан, Қызылорда, облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл кей жерлерінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.