4 қазан күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 4 қазанда өтетін маңызды шараларға шолу ұсынады.
АСТАНА
Сағат 10:00-де Астана қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының,«Астана-Тазалық» ЖШС және «Астанаэнергосервис» АҚ өкілдерінің қатысуымен«Астана қаласының отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылығының алда тұрған жылу маусымына дайындығы» тақырыбында брифинг өткізіледі.
Сағат 10:00-де «Хилтон» қонақ үйінде ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым қоры» АҚ «Технологияларды коммерцияландыру - ғылым мен бизнесті біріктіру құралы» атты ІІ халықаралық форумын ұйымдастырады.
Сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Орталық коммуникациялар қызметінде (12-қабат) Қазақстан Республикасындағы Азаматтық қоғам институттарының даму тұжырымдамасын талқылауға арналған бірінші Ұлттық тыңдау өтеді.
Сағат 10:00-де «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық» АҚ базасында «Azurion 7» жүйесі бар ТМД аумағындағы алғашқы бірегей рентгенгио-графиялық операциялық бөлме ашылады.
Сағат 15:00-де Қазақстандағы Корея Республикасы Елшілігі Қазақстан Республикасы Ұлттық музейімен бірлесіп ұйымдастырған танымал нақышгер Ли Чольсудың «Күлімдеген әлем» атты көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.
Сағат 15:50-де Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде «Салықтық әкімшілендірудің жекелеген мәселелері: жер қойнауын пайдалануға баламалы салық, горизонтальды мониторинг, көмірді өткізу» тақырыбында брифинг өтеді.
Сағат 16:00-де Астана қаласы әкімінің орынбасары Асқар Әмриннің төрағалымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқордыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Жазира Жылқышиеваның қатысуымен «Астана қаласының жергілікті атқаругы органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарыс стратегияны жүзеге асыру» тақырыбында жиын өтеді.
Сағат 16:00-де Ұлттық академиялық кітапханада Қоғамдық даму министрлігінің жанындағы ҮЕҰ-лармен өзара жұмыс жүргізу бойынша Үйлестіруші кеңестің отырысы басталады.
АЛМАТЫ
Сағат 09:30-да «RixosAlmaty» қонақ үйінде Ұлттық ынтымақтастықтың «Қазақстандағы туберкулезді тоқтатайық» атты таныстырылымы мен «Фотодыбыс» атты көрменің ашылуы өтеді.
Сағат 10:00-де Ақсай госпиталінің университеттік клиникасына Пусан ұлттық университеті телемедицинаға арналған заманауи құрылғыны сыйға тартады.
Сағат 17:00-де Әуезов театрының жаңа маусымының ашылуы өтеді.
Сағат 18:00-де «Ритц Карлтон» қонақ үйінде Қазақстан Республикасындағы ірі брокерлік компания «Фридом Финанстың» брифингі өтеді.
Сағат 18:00-де 83 жылдық тарихы бар Алматы қалалық қуыршақ театры өзінің 84-ші театрлық маусымын ашады.
АҚТӨБЕ
Сағат 11:00-де Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен «Ақтөбе» индустриалды аймағының әкімшілік ғимаратында «Ақтөбе қаласында көше саудасының дамуы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.
ҚЫЗЫЛОРДА
Сағат 11:00-де Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Қазпошта» АҚ Қызылорда филиалының директоры Аида Абибуллаева Халықаралық пошта күні мерекесіне орай баспасөз мәслихатын өткізеді.
Сағат 09:00-де Шиелі ауданында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен ауыл спортшыларының XXXII «Алтын күз-2018» облыстық спартакиадасы ашылады. Жеңімпаздар мен жүлдегер командалар 7 қазан күні анықталады.