4 қазан күні Нұр-Сұлтанда автобустар жүрмейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жексенбі, 4 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көлік қозғалысы бір күнге тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елорда әкімдігінен мәлім еткендей , 4 қазанда автобустарға дезинфекциялық жұмыстар жүргізілетін болады.

Айта кетейік, сенбі, 3 қазан және дүйсенбі, 5 қазанда қалалық және қаламаңы автобустары штаттық режимде қатынайды.

Қоғамдық көлікке бетперде тағып кіру керектігін еске саламыз. Жол жүру ақысы көліктік карта, SMS, QR-код және мобильдік қосымшалар арқылы төленеді.


Соңғы жаңалықтар