4 қазанда еліміз қалаларындағы ауа сапасы қандай болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 4 қазанда Қазақстанның көптеген қалаларында қолайлы метеорологиялық жағдайлар күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

4 қазанда еліміз қалаларындағы ауа сапасы қандай болады

Бүгін қалаларда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтілмейді. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.