4 келіге жуық есірткі алып келе жатқан азаматтың жолы кесілді
ҚЫЗЫЛОРДА. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылорда облыстық кедендік бақылау департаменті мен Қызылорда стансасы желілік ішкі істер бөлімі есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімшесі қызметкерлерінің бірлескен кезекті шарасы,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
№41 Алматы-Атырау жолаушылар пойызында сөмкеге киім-кешектермен бірге жасырылған ерекше ораманы қызметтік иісшіл ит «Бетти» тапқан. Сот-сараптама қорытындысы орамадағы заттың кептірілген марихуана екенін анықтады. Есірткі тасымалдаушының үстінен қылмыстық іс қозғалды.