4 қыркүйек. Kazinform күнтізбесі Тұлғалар туған күн

Бүгін, 4 қыркүйек күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

7 мамыр. Тұлғалар туған күн
Фото: Kazinform/Midjourney

Төлен ӘБДІК, жазушы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

1942 жылы Торғай облысында, қазіргі Қостанай облысында дүниеге келген. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін 1965 жылы филолог мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолы: пионер жетекшісі (1958); «Социалистік Қазақстан» газетінің әдеби қызметкері, «Қазақстан пионері» газетінің бөлім меңгерушісі (1965-1969); «Жалын» альманахының аға редакторы, бас редактордың орынбасары (1969-1977); «Қазақфильм» киностудиясының бас редакторы (1977-1979); Қазақстан Компартиясы Орталық комитеті мәдениет бөлімінің нұсқаушысы, сектор меңгерушісі (1979-1990); «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы (1990-1991); Қазақстан Жазушылар одағының екінші хатшысы (1991-1994); ҚР Президентінің мәдениет, әдебиет және өнер мәселелері жөніндегі көмекшісі (1994-1996); ҚР Мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңесінің хатшысы (01.1996-12.1996); ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары (1996-2003); ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-саяси бөлімінің бас инспекторы (2003-2008).

Төлен Әбдіктің кітаптары бірқатар шет мемлекетте жарық көрген. Оның шығармалары Еуропада кеңінен танылып, Франц Кафка атындағы халықаралық әдеби сыйлықпен атап өтілген.

2004 жылы «Парасат майданы» повесі үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Оның повесі желісімен 1983 жылы «Белгісіз ұлдың хикаясы» фильмі түсірілді.

Жадыра ДӘРІБАЕВА, белгілі қазақстандық ақын

1948 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Қызылорда әйелдер педагогикалық училищесін, Мәскеудегі М. Горький атындағы Әдебиет институтын тәмамдаған.

Еңбек жолы: 1977-1990 жылдары Мәскеудегі А. Луначарский атындағы Ұлттық театр өнері институтында сабақ берді; Қазақстан Жазушылар одағының хатшылығын басқарды, «Қазақстан әйелдері» журналында қызмет етті.

«Гүлжайна», «Мейір», «Біздің жақтың аспаны» шығармаларының авторы. Оның өлеңдерінде халқына, ана тіліне деген жанашырлық пен алаңдаушылық көрініс тауып, Құдай, ар-намыс, абырой ұғымдары негізгі орын алады. Поэзиямен қатар көркем аудармамен де айналысады. 1992 жылы қабылданған ҚР Мемлекеттік гимні мәтіні авторларының бірі.

«Парасат» орденімен марапатталған.

Ернұр АЙТКЕНОВ, Павлодар облысы Ақтоғай ауданының әкімі

1965 жылы Павлодар облысы Май ауданының Жалтыр ауылында дүниеге келген. Семей зоотехникалық-ветеринарлық институтын 1989 жылы зооинженер мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолы: кеңшар зоотехнигі, Май аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының жетекші зоотехнигі, кеңшардың бас зоотехнигі, Май аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бас зоотехнигі (1989-1996); «Ақжар» ауыл шаруашылығы кәсіпорнының директоры (1996-1997); Павлодар облысы ауыл шаруашылығы департаментінің бөлім бастығы (1997-1998); «Ертіс» АҚ бөлім бастығы (1998); Железин ауданы ауыл шаруашылығы департаментінің бастығы (1998-1999); «Еңбек» шаруа қожалығының атқарушы директоры (2000-2004); Павлодар аудандық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары (2004-2005); «Песчанский асыл тұқымды мал өсіру орталығы» МКК директоры (2005-2006); Павлодар облысы Май ауданының әкімі (2006-2010); Баянауыл ауданының әкімі (2010-2014); Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы (2014-2017); Лебяжі ауданының әкімі (2017-2018); Тереңкөл ауданының әкімі (2018-2021); Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы (2021-2023); Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (2023-2026).

Қазіргі қызметін 2026 жылғы шілдеден бері атқарып келеді.

Еркін ӘБІЛ, қазақстандық қоғам қайраткері, тарихшы

1969 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін 1992 жылы тәмамдаған.

Еңбек жолы: Қарағанды жоғары милиция мектебінің, Қостанай милиция мектебінің, кейін ІІМ академиясының оқытушысы (1992-2009); Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры (2009-2016); Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры (2016-2020); Мемлекет тарихы институтының директоры (2020-2023); ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты (2023-2026).

Айнагүл БАЛТАШЕВА, Ақмола облысы білім басқармасының басшысы

1972 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының Қарағаш ауылында дүниеге келген. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша (1994); Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша (2010); осы университеттің білім беру магистратурасын (2014) тәмамдаған.

Еңбек жолы: Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Қарағаш орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі (1994-1996); Көкшетау қаласындағы №6 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі (1996-2004); №6 орта мектеп директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары (2004-2011); Көкшетау қалалық білім бөлімінің білім сапасын бағалау жөніндегі әдіскері (2011-2012); М. Ғабдуллин атындағы №3 көптілді оқытатын бейіндік мектеп-гимназиясының директоры (2012-2018); IT мектеп-лицейінің директоры (2018-2020); Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Bolashag saraiy» ШЖҚ МКК басшысы, Көкшетау қаласы (07.2020-03.2023); Ақмола облыстық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы (03.2020-07.2024).

Қазіргі қызметін 2024 жылғы шілдеден бері атқарып келеді.

Арман ЖҰМАБЕКОВ, ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі аппаратының басшысы

1973 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін 1997 жылы заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолы: Целиноград облысы №2102 Ерментау жинақ банкі филиалының инспекторы (1990-1998); Ақмола облысы бойынша Салық комитетінің бас заң кеңесшісі, сектор меңгерушісі, бөлім бастығы (1998-1999); ҚР Мемлекеттік кірістер министрлігінің бас маманы, бөлім бастығы (1999-2002); ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі заң бөлімінің консультанты (2002-2003); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мемлекеттік-құқық бөлімінің бас сарапшысы (2003-2004); Президент Әкімшілігі мемлекеттік-құқық басқармасының заңнама және құқықтық сараптама бөлімінің бас сарапшысы (2004-2005); Президент Әкімшілігінің заңнама және құқықтық сараптама бөлімінің бас сарапшысы (2005-2006); осы бөлімнің сектор меңгерушісі (2006-2007); заңнама және құқықтық сараптама бөлімінің бас инспекторы (2007-2008); Президент Әкімшілігі мемлекеттік-құқық бөлімінің сектор меңгерушісі (03.2008-11.2008); ҚР Президентінің Парламенттегі өкілдігі басшысының орынбасары (2008-2011); Президент Әкімшілігі мемлекеттік-құқық бөлімі меңгерушісінің орынбасары (2011-2018); ҚР Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы (2018-2019); ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі (04.2019-07.2019); ҚР Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы (2019-2021); ҚР Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы (2021-2022); ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі аппаратының басшысы (2022-2024).

Қазіргі қызметін 2024 жылғы тамыздан бері атқарып келеді.

«Құрмет» орденімен (2018), «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Ростислав КОНЯШКИН, ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі

1989 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «Математика» мамандығы бойынша, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін ақпараттық жүйелер магистрі мамандығы бойынша тәмамдаған. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Еңбек жолы: «ERP-Service KazTransCom» ЖШС консультанты (2011); «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығы» АҚ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-да қызмет атқарды (2012-2020); ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті төрағасының орынбасары (2020-2021); «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы (2021-2024); ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі (2024-2025).

Қазіргі қызметін 2025 жылғы желтоқсаннан бері атқарып келеді.

Сондай-ақ бұл күні дүниеге келген:

Дүбек ДҮЙСЕНБЕКОВ, Ақбақай алтын кен орнын алғаш ашқан геолог, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

1928 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ тау-кен металлургия институтын, қазіргі Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолында Жезқазған тау-кен байыту комбинатында геолог, аға геолог болып қызмет атқарған. Ғалым Мироновское висмут кен орнын, сондай-ақ Карьерное, Бескемпір және Ақсақал алтын кен орындарын ашқан.

Екі мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған.