4 күн ішінде Газа Секторында әуе соққыларынан 40 адам қаза тапты

АСТАНА. 17 қараша. ҚазАқпарат - Газа Секторына жасалған әуе соққыларының салдарынан 17 қараша күні тағы 9 адам мерт болды. Осылайша, шиеленіс барысында көз жұмған палестиндіктердің саны 40-қа жетті, деп хабарлайды РБК.

4 күн ішінде Газа Секторында әуе соққыларынан 40 адам қаза тапты

Одан бөлек Тель-Авив пен "ХАМАС" арасындағы қақтығыста үш израильдік қаза болды.

17 қарашада Израиль "ХАМАС-тың" штаб-пәтеріне шабуыл жасап, ғимаратты жермен жексен қылды.