4 қыркүйекте Республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады
АСТАНА. 3 қыркүйек. ҚазАқпарат - Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап, ҚР ТЖМ хабарлайды.
Республиканың батысында және солтүстігінде ауа райы тұрақсыз болады деп күтілуде, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды және жел күшейеді.
Жамбыл облысында, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа күшейеді.
Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында 15-20 м/с жел соғады.
Қарағанды облысында күндіз кей жерлерде қатты ыстық болады деп күтілуде. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, республиканың орталығы және батысының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.