4 мамырда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 4 мамыр күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
НҰР-СҰЛТАН
10.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде қалалар мен ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау және геология саласын дамыту перспективалары қаралады. Үкімет отырысы PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында онлайн режимде көрсетіледі.
10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.
10.30-да «АЛЖИР» музейінде әзербайжан әнұранының авторы Ахмед Джавадтың 130 жылдығы аталып өтеді.
11.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде
«Самұрық - Қазына» АҚ реформалары: квазимемлекеттік сектордағы тиімділікті арттыру» атты баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: «Самұрық - Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.
19.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында «тіл табысқандар» комедиясы көрсетіледі.
19.30-да Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда «Өртолғау» концерті өтеді. Оған «TURAN» фольклорлық-этнографиялық ансамблі, «ҚОРҚЫТ» этно-ансамблі, мультинструменталист Еділ Құсайынов және «ALEM» эстрадалық би ансамблі қатысады.