4 маусым. Kazinform күнтізбесі. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 4 маусым күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР
67 жыл бұрын (1959) әнші, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері, Барселонада өткен Ф.Виньяса атындағы Халықаралық вокалшылар конкурсының арнаулы Джино Бекки сыйлығының иегері Нұржамал Пернебекқызы ҮСЕНБАЕВА дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысының (қазіргі Түркістан) Арыс қаласында туған. Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген. Сол жылдан бастап Қазақ академиялық опера және балет театрының соло-әншісі. Осы театр сахнасында орындаған аса елеулі партиялары қатарында Қыз Жібек, Дана (Е.Брусиловский «Қыз Жібек», «Ер Тарғын»), Ажар (А.Жұбанов, Л.Хамиди «Абай»), Сара (М.Төлебаев «Біржан-Сара»), Зылиха (Б.Жұманиязов «Махамбет»), Розалида (И.Штраус «Жарқанат»), Виолетта (Дж.Верди «Травиата»), Антония (Ж.Оффенбах «Гофман ертегілері»), т. б. бар. Қазақ әндерін де («Шилі өзен», «Алқоңыр», т. б.) үлкен шеберлікпен орындайды. Үсенбаеваның репертуарынан ұлттық және шет ел композиторларының әр алуан музыкалық шығармалары орын алған. Әнші гастрольдік сапармен Ресей қалаларында, сондай-ақ, 1997 жылы Татар академиялық опера және балет театрының құрамында Португалияда, 1998 жылы Санкт-Петербург академиялық опера және балет театры кұрамында Жапонияда және басқа елдерде өнер көрсеткен. 2007 жылы «Карнеги-Холл» (Нью-Йорк) залында жеке концерт берген.
«Құрмет» орденімен марапатталған.
48 жыл бұрын (1978) Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаментінің басшысы Нұрдос Тұрсынбекұлы ТОЙБАЕВ дүниеге келді.
Жамбыл облысында туған. 1999 жылы Тараз мемлекеттік университетін «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірді, біліктілігі «экономист». 2003 жылы Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын «юриспруденция» мамандығы бойынша бітірді, біліктілігі «заңгер».
2001-2003 жылдары Жамбыл облысы Байзақ ауданы бойынша салық комитетінің маманы, 2003-2005 жылдары Жамбыл облысы Байзақ ауданы бойынша салық комитетінің бөлім басшысы, 2005-2006 жылдары Жамбыл облысы Байзақ ауданы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары, 2006-2013 жылдары Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы, салық басқармасының бастығы, 2013-2014 жылдары Жамбыл облысы Жамбыл ауданы бойынша салық басқармасының басшысы, 2014-2015 жылдары Жамбыл облысы Жамбыл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы, 2015-2017 жылдары Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті аудит басқармасының бөлім басшысы, 2017-2019 жылдары Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімінің орынбасары, 2019-2025 жылдары Жамбыл облысы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы қызметінде болды.
Қазіргі лауазымын 2025 жылғы қарашадан бастап атқарып келеді.
45 жыл бұрын (1981) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты Бақытжан Жұмабекұлы БАЗАРБЕК дүниеге келді.
Тараз қаласында туған. 1998-2002 жылдары Қазақ Мемлекеттік заң академиясында «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алды.
Еңбек жолы: 2002 жылдан бастап Л. Н. Гумилев Еуразия ұлттық университетінің Заң институтының «Мемлекет және құқық» кафедрасы оқытушысының ассистенті, «Аграрлық және экологиялық құқық» кафедрасының жер және экологиялық құқық бойынша оқытушы болып жұмыс істеді. 2002-2004 жылдары Л. Н. Гумилев Еуразия ұлттық университетінің Заң институты директорының тәрбие ісі бойынша орынбасары және «Аграрлық және экологиялық құқық» кафедрасының аға оқытушы қызметін қоса атқарды. 2004 жылы «Білім мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы» РМҚК-ның Әкімшілік-құқық бөлімі бастығының міндетін атқарды. 2004-2015 жылдары Қаз МЗУ-нің азаматтық-құқықтық пәні кафедрасының аға оқытушысы, 2007-2009 жылдары «Орманды қорғау» ЖШС-нің Заң бөлімінің бастығы, 2015 жылы «Көлік сервисі орталығы» АҚ-ы Заң бөлімінің бастығы, 2015-2016 жылдары «Тұран — Астана» университетінің «Азаматтық және азаматтық-процестік құқық» кафедрасының оқытушысы қызметін атқарған. 2016-2023 жылдары «Bazarbek Partners» заңгерлік консалтингтік компанияның директоры болып қызмет атқарған.
2023 жылдан — бір мандатты сайлау округі бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII сайланым депутаты.
45 жыл бұрын (1981) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметінің бастығы Асхат Файзуллаұлы ШӘРІПОВ дүниеге келді.
Солтүстік Қазақстан облысында туған. Қазақ гуманитарлық-заң университетін құқықтану мамандығы бойынша аяқтаған, Д.Қонаев атындағы Еуразия заң академиясының магистратурасын бітірген. Сыныптық шені — аға әділет кеңесшісі.
Еңбек жолын 2002 жылы Ақмола облысы Шортанды ауданы прокурорының көмекшісі ретінде бастаған. 2004-2005 жылдары ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Орталық көлік аумағы бойынша басқарма аға прокуроры, 2005-2006 жылдары Солтүстік Қазақстан көлік прокурорының аға көмекшісі, 2006-2009 жылдары Орталық аумақтық көлік прокурорының Сот қаулыларының заңдылығын қадағалау және атқарушылық іс жүргізу жөніндегі көмекшісі, аға көмекшісі, 2009-2010 жылдары Орталық аумақтық көлік прокуратурасының Сот актілерінің заңдылығын қадағалау және соттағы мемлекет мүдделерін қорғау басқармасының бастығы, 2010-2011 жылдары ҚР Бас прокуратурасының Сотта мемлекет мүдделерін қорғау департаментінің аға прокуроры, 2011-2012 жылдары ҚР Бас прокуратурасының Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау департаментіндегі ҚР Бас Прокурорының көмекшісі, 2012-2015 жылдары Бас көлік прокуратурасының Алматы қаласының авиациялық көлік прокуроры, 2015-2018 жылдары Алматы қаласы Түрксіб ауданының прокуроры, 2018-2019 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының прокуроры, 2019-2022 жылдары Алматы қаласы прокурорының халықаралық ынтымақтастық жөніндегі аға көмекшісі, 2022-2024 жылдары Алматы қаласы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеу басқармасының бастығы, 2024-2026 жылдары Алматы қаласы прокурорының орынбасары. лауазымын атқарған.
2026 жылғы 7 ақпанда ҚР Бас прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.
Б.Момышұлы атындағы II дәрежелі «Айбын» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл», «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 30 жыл» мерейтойлық медальдарымен, «Халықаралық ынтыақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін», I, II, III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» ведомстволық медальдарымен, «Прокуратура үздігі» және «Прокуратураның құрметті қызметкері» төсбелгілерімен марапатталған.
33 жыл бұрын (1993) Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының Адам ресурстарын дамыту департаментінің директоры Арсен Абзалұлы ЖАҚЫПОВ дүниеге келді.
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын және «Болашақ» бағдарламасы бойынша Йорк университетін (Ұлыбритания) бітірген. Сондай-ақ, DBB академиясында (Германия, Берлин қ.), сонымен қатар Мұхаммед ибн Рашид атындағы Мемлекеттік басқару мектебінде (БАӘ, Дубай қ.) шетелдік тағылымдамадан өтті.
Еңбек жолын Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің жетекші маманы (заңгері) болып бастады. 2015-2016 жылдары Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің сәулет-жоспарлау секторының жетекші маманы, Нарынқол ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, 2016-2018 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметтер басқармасының жетекші маманы, 2018-2019 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы, 2019-2020 жылдары ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті қоғамдық-саяси жұмыс басқармасының бас сарапшысы қызметінде болды. 2020-2022 жылдары ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Мемлекет және қоғам коммуникацияларын дамыту департаментінің қоғамдық қатысу және ашықтық қағидаттарын мемлекеттік органдарда дамыту басқармасының басшысы, 2022-2023 жылдары Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің Павлодар облысы бойынша өкілі болды. 2023-2024 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы лауазымын атқарған.
Қазіргі қызметін 2024 жылдың желтоқсан айынан бастап атқарып келеді.