4 маусым күні елімізде өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 4 маусым күні елімізде өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
НҰР-СҰЛТАН
10.00-де Қазақстан Республикасының Рәміздер күніне орай көліктер шеруі өтеді. Шеру Рәміздер алаңынан бастау алып, Отан қорғаушылар алаңында аяқталады.
10.15-те «Цифрлық жаз 2021» тағылымдамасының ашылуына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.
Көрсетілім сілтемесі: YouTube
11.00-де ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев министрліктің ресми парақшаларында онлайн форматта халыққа есеп береді.
11.00-де ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «БІЗ – ЕЛ ПАТРИОТЫМЫЗ» халықаралық жастар форумы өтеді.
11.00-де Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кәсіпкерлердің V республикалық форумы онлайн-форматта өтеді.
Форумға «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов, Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов, сондай-ақ Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары және үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысады.
11.00-де «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығында« «Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні» қарсаңында «Жастар және Қазақстанның тұрақты дамуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.
Шараға экология министрі Мағзұм Мырзағалиев, сондай-ақ экоеріктілер, экологиялық факультет студенттері мен түлектері қатысады.
Дөңгелек үстел барысында экологиялық білім беру, халық арасында экосананы қалыптастыру және жастарды табиғатты қорғау ісіне жұмылдыру мәселесі талқыланады.
11.00-де ҚР Ұлттық музейінде көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, танымал зерттеуші ғалым, тарих ғылымдарының докторы, професссор Өмірзақ Озғанбаевтың 80 жылдық мерейтойына орай «Озғанбаев және тарихи ғылым» тақырыбында дөңгелек үстел және «Тарихқа тағзым» атты 5 томдық шығармалар жинағының тұсаукесер рәсімі өтеді.
12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «СК-Фармация» ЖШС бірыңғай дистрибьюторы мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық-фармацевтикалық бақылау комитетінің қазіргі қызметі туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.
Спикер: «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Есқалиев Ерхат Серікұлы, «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары Омарова Гулнар Аттиновна, ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Байсеркин Бауыржан Сатжанұлы, ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Нұр-сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы Асылбек Нұрлыбек Абибұллаұлы.
Көрсетілім сілтемелері: YouTube Facebook
13.30-да «Керуен» сауда орталығында бөтелкелерді қайта өңдеуге қабылдайтын «Fandobox ecoplatform» автоматы іске қосылады. «Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне» орайластырылатын бұл шара Экология министрі Мағзұм Мырзағалиевтің қатысуымен өтпек.
15.00-де «Wyndham Garden Astana» қонақүйінде Қазақстан Халық партиясының XVIII кезектен тыс съезі өтеді.
16.00-де ҚР Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай халықаралық көрмелер мен симпозиумдарда елімізді танытып жүрген қазақстандық 30 танымал суретшінің «Тәуелсіздік көкжиегі» атты көрмесі өтеді.
17.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «ҚР Әділет министрінің халық алдында есеп беру кездесуінің қорытындысы» атты баспасөз қызметі өтеді.
Спикер: ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев.
Көрсетілім сілтемелері: YouTube Facebook
19.30-да Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі елорда тұрғындары мен қонақтарына жаңа концерт ұсынады. Концерт «Қазақстан» орталық концерт залының үлкен сахнасында өтеді.
АЛМАТЫ
12.00-де «Тұран» университетінде әлеуметтік әл-ауқат туралы №4 комиссияның кеңейтілген отырысы өтеді.
18.00-де Абай атындағы қазақ ұлттық академиялық опера және балет театрында ресейлік режиссер Михаил Панджавидзенің моноопераларының премьерасы өтеді.