4 маусым күні республиканың кей аймақтарында өткінші жаңбыр жауады - Қазгидромет

АСТАНА. ҚазАқпарат - 4 маусым күні Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде найзағайлы өткінші жаңбыр жауып, екпінді жел тұрады.

4 маусым күні республиканың кей аймақтарында өткінші жаңбыр жауады - Қазгидромет

Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.

Республиканың оңтүстік және батыс аймақтарында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз Ақмола, Жамбыл, Атырау облыстарында, сондай-ақ Алматы, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.

Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі күтіледі.