4 миллиондық аудитория «Kazsport» телеарнасын жаңа HD форматта көре алады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақпарат және коммуникациялар министрлігі «Kazsport» телеарнасын HD форматына көшіруді сәтті аяқтады, деп жазды министр Дәурен Абаев Фейсбуктегі парақшасында.
«...Осылайша, отандық телевизияның хабар таратуын жоғары сапаға көшіруге алғашқы қадам жасалып отыр.
Атап айту керек, жаңа форматты әзірше «ОТАУ ТВ» операторының 4 миллиондық аудиториясы пайдаланады.
Енді, еліміздің басты спорт телеарнасының көрінісі 5 есеге артады. Ал, «Kazsport» «ОТАУ ТВ»-ның тегін пакетіне қосылады.
Біз барлық тест жұмыстарын мақсатты түрде 10 қыркүйек қарсаңында аяқтап отырмыз.
Себебі, бүгін барша еліміз даңқты жерлесіміз Геннадий Головкиннің Келл Брукпен жекпе-жегін асыға күтуде.
Осы айтулы спорт кешін Сіздер енді мүлде жаңа сапада көресіздер.
Ел мерейін асырған жерлесімізге жеңіс тілеймін!», делінген жазбада.