Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

4 млн қазақстандық «OTAUTV» арналарын көреді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 4 млн қазақстандық «OTAUTV» отандық жер серігі арналарына қосылған, деп хабарлады ҚазАқпарат «Қазтелерадио» АҚ басқарма төрағасы Асқар Хайрушевке сілтеме жасай отырып.

4 млн қазақстандық «OTAUTV» арналарын көреді

«Бүгінгі таңда «OTAUTV» абоненттері 120 телеарнаны көре алады, оның ішінде 55-і отандық каналдар, 65-і шетелдік. Біздің жұмысты бастағаннан қосылғандар саны 6,5 мыңнан 1,2 млн абонентке дейін арты. 1,2 млн абонент тұрғын үйлерге қосылған. Демек, 4 млн Қазақстан тұрғыны «OTAUTV» арналарын тамашалай алып отыр», - деді А.Хайрушев.

80 пайыз - абонент жер серік қосылғанға дейін 1-2 арна ғана көріп келген ауыл, аудан тұрғындары. 

2016 жылдың наурыз айынан қазан айына дейін үлкен жоба жүзеге асты.

Нақтырақ айтқанда, «OTAUTV»  жер серігін шетелдік Intelsat -904 ғарыш аппаратынан қазақстандық Kazsat-3 жер серігіне ауыстыру жұмыстары жүргізілді. Kazsat-3-ке ауысуға 1,6 млрд теңге инвестиция тартылды.