4 млн теңгенің алтынын ұрлаған әйел құрықталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Атбасар ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын ұрлық туралы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

4 млн теңгенің алтынын ұрлаған әйел құрықталды

ІІМ мәліметінше, оның арызы бойынша полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.

«Тәртіп сақшылары қаскөйдің 26 алтын бұйым және 200 доллар ұрлағанын анықтады. Полиция барлық жергілікті ломбардтар мен ақша айырбастау пункттерін тексерді.

Нәтижесінде 35 жастағы әйел ұсталды. Ол өз кінәсін мойындады», - деп жазды ведомстводан.