10:55, 04 Тамыз 2015 | GMT +5
4 мың метр биіктіктегі жайлауда киіз үйдегі балабақша ашылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ош облысы Чон-Алай ауданындағы таулы Бугу-Баш жайлауында шопан Чолпонбай Назараалы ұлы әкесінің киіз үйін балабақша етуге берген.

Бұл туралы КирТАГ «Роза Отынбаева бастамасы» халықаралық қорының қызметкерлеріне сілтеме жасап хабарлады.
Бугу-Баш жайлауындағы балабақша қордың тау беткейіндегі ең жоғары жобасы болды. Тау шыңының биіктігі 4 мың метр.
Қырғызстанда барлығы 100-ге жуық жайлаудағы жазғы балабақша ашылған. Олардың 40-қа жуығы оңтүстікте. Балалар мұнда тегін демалады.