4 наурыз. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 4 наурыз тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

4 наурыз. Туған күн иелері

ЕСІМДЕР

64 жыл бұрын (1958) «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма Төрайымы, ҚР мемлекет және қоғам қайраткері Күләш Ноғатайқызы ШӘМШИДИНОВА дүниеге келді.

Алматы облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын орта мектептің мұғалімі болып бастап, Киров аудандық комсомол комитетінің хатшысы, Гвардия аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Талдықорған облыстық комсомол комитетінің хатшысы, Талдықорған облыстық мұғалімдердің білімін жетілдіру институты директорының орынбасары қызметтерін атқарған. Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары (1996-2002); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі (2002-2005); «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының бас директоры (2005-2007); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі (2007-2009); «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ Басқарма төрайымы (2009-2019). ҚР Білім және ғылым министрі (02.2019-06.2019).

«Парасат», «Құрмет» ордендерімен, медальдармен марапатталған.

56 жыл бұрын (1966) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Руслан Фатихұлы ЖАҚСЫЛЫҚОВ дүниеге келді.

Алматы облысы Қаскелең қаласында туған. И.С.Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін, М.В.Фрунзе атындағы Әскери академиясын, Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясының Жоғары академиялық курстарын бітірген.

1987-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлерінің взвод командирінен әскер құрамасының командиріне дейінгі дәрежеге жетті. 2006-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер қолбасшысының орынбасары. 2007-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер қолбасшысының бірінші орынбасары - Бас штаб бастығы қызметтерін атқарған. 2008 жылдың қыркүйегінен 2013 жылғы қаңтарға дейін ҚР ІІМ ішкі әскер бас қолбасшысы. 2014-2021 жж. - Ұлттық ұланның бас қолбасшысы қызметінде. 2021-2022 жж. – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасарыы – Ұлттық ұланның бас қолбасшысы.

Қазіргі қызметін 2022 жылдың қаңтар айынан бері атқарып келеді.

КСРО және Қазақстан Республикасының 14 медалімен марапатталған.

49 жыл бұрын (1973) «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Бас директоры (Басқарма төрағасы) Рустам Эдуардұлы СУЛЕЙМАНОВ дүниеге келді.

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын «Экономикалық кибернетика» мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын 1994 жылы бастады. Коммерциялық құрылымдарда экономист, қаржы инспекторы болып жұмыс істеді. Газ саласында 1997 жылдан бері еңбек етіп келеді. 1997-2000 жылдары «Алаутрансгаз» ЖАҚ қаржы инспекциясын, қаржылық бақылау бөлімін, экономикалық бөлімдерді басқара отырып, түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2000-2002 жылдары KTG «Distribution» ААҚ газбен жабдықтау жобасы жөніндегі жұмыс тобының консалтингтік менеджері, аймақтық менеджері болып қызмет етті. 2002 жылдың мамырынан бастап 2013 жылдың ақпанына дейін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ маркетинг және контрактілер департаментінің директоры. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Басқарма мүшесі болды. 2013 -2014 жылдары «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Басқарушы директоры (Басқарма мүшесі). 2014 жылдың қарашасынан 2015 жылдың ақпанына дейін - «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директорының даму жөніндегі орынбасары. 2015 жылдың ақпан айынан - «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директорының маркетинг және коммерция бойынша орынбасары (Басқарма мүшесі). 2015-2020 жылдары – «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директоры (Басқарма төрағасы). Басқарма төрағасының газды өңдеу және маркетинг жөніндегі орынбасары (11.2020-12.2020).

2020 жылдың желтоқсан айынан бастап қызметте.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен, «KazEnergy» МКҚК медалімен, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Құрмет грамотасымен марапатталған.

46 жыл бұрын (1976) Қазақстан Республикасы Ұлтты банк Төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлұлы ШОЛПАНҚҰЛОВ дүниеге келді.

1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «Бухгалтерлік есеп, бақылау және шаруашылық қызметін талдау» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылғы қазанда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жанындағы Қазынашылық комитетінде Кассалық қаражат және мемлекеттік борыш басқармасының қолма-қол ақшаны басқару бөлімінің қазынашысы лауазымынан бастады. Осы Комитеттің бас қазынашысы, бөлім бастығы болып жұмыс істеді. 2001 жылғы қазаннан бастап 2004 жылғы шілдеге дейін - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Қолма-қол ақшаны басқару және мемлекеттік міндеттемелерді есепке алу басқармасының бастығы. 2004 жылғы шілдеден бастап 2008 жылғы желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарды. 2008 жылғы желтоқсаннан бастап 2014 жылғы маусымға дейін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі. 2014 жылғы шілдеден бастап 2016 жылғы қарашаға дейін - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің экономика және қаржы жөніндегі орынбасары. 2016 жылғы қарашадан бастап желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг комитетінің төрағасы. 2016-2019 жылдары – ҚР қаржы вице-министрі. ҚР Қаржы министрлігінің бірінші вице-министрі (2019-2021).

Қазіргі қызметінде 2021 жылдың сәуір айынан бастап.

Марапаттары: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Құрмет грамоталары, «Астананың 10 жылдығы» мерекелік медалі, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі, «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісі, «Еуразиялық экономикалық одақты құрудағы үлесі үшін» II дәрежелі медалі, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі, т.б.

45 жыл бұрын (1977) Алматы облысы прокурорының орынбасары Марат Шайхсламұлы ӘБДІРАХМАНОВ дүниеге келді.

Қостанай облысының Арқалық қаласында туған. Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік заң университетін бітірді (2008 ж.).

Еңбек жолы: 2000 жылдың қаңтар-қазан айларында Астана қаласы Алматы аудандық прокуратурасы прокурорының көмекшісі болып тәжірибеден өткен. 2001-2001 жылдары – Астана қаласы Алматы аудандық прокуратурасы сот қаулыларының заңдылығын қадағалау жөніндегі бөлімнің прокуроры. 2001-2002 жылдары – Астана қаласы прокуратурасы сот қаулылары мен атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры. 2002-2004 жылдары – Астана қаласы прокуратурасы қылмыстық істер бойынша сот қаулыларының заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры. Астана қаласы Прокурорының Азаматтарды ақтау және жазаның орындалу заңдылығын қадағалау жөніндегі аға көмекшісі (02.2004-06.2004). 2004-2005 жылдары – Орталық аймақтық көлік прокуратурасы Астана қаласы авиациялық көлік прокурорының орынбасары. 2005-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының департаменті Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі мен Кедендік бақылау комитеті органдарындағы тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау басқармасының аға прокуроры. 2008-2009 жылдары – Маңғыстау облысы прокуратурасы тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау басқармасының басшысы. 2009-2016 жылдары – Ақмола облысы прокуратурасының басқарма басшысы – аппарат басшысы. 2016-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадр жұмысы департаменті кадрларды іріктеу, орналастыру және оқыту басқармасының басшысы.

Қазіргі қызметінде 2017 жылдың наурыз айынан бастап.

«Сүлеймен Есқараев - тұңғыш прокурор» естелік медалімен, «Мінсіз қызметі үшін» III дәрежелі медалімен, «Прокуратура үздігі» 2 дәрежелі төсбелгісімен марапатталған.

45 жыл бұрын (1977) Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Рүстем Мырзакәрімұлы МЫРЗАКӘРІМ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. 1998 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дің заң факультетін бітірді. 2002 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дің құқықтану магистрі дәрежесін алды.

Еңбек жолы: 1998-1999 жылдары – Алматы қаласы прокуратурасының жанындағы ҚСжАО бөлімі прокурорының міндетін атқарушы. 1999-2000 жылдары –Алматы қаласы Алмалы ауданы прокурорының көмекшісі. 2000-2001 жылдары – Алматы қаласының Әуезов ауданы прокурорының көмекшісі. 2001-2002 жылдары – Алматы қаласы прокуратурасының қадағалау басқармасының прокуроры. 2002-2003 жылдары – Алматы қаласы Прокуратурасының прокурорының аға көмекшісі. 2003-2004 жылдары – Алматы қаласы бойынша Соттар Әкімшісінің ұйымдастыру-талдау бөлімінің бастығы. 2004-2005 жылдары – Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының судьясы. 2005-2007 жылдары – Алматы қаласы Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы. 2007-2010 жылдары – Алматы қаласы Жетісу ауданының № 2 аудандық сотының төрағасы.2010-2012 жылдары – ҚР Әскери сотының апелляциялық сот алқасының төрағасы. 2012-2013жылдары – Астана қаласы сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы. 2013-2015 жылдары – Алматы қаласы сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы. 2015-2020 жылдары – Жамбыл облыстық сотының төрағасы.

Қазіргі қызметінде 2020 жылғы ақпаннан бері.

41 жыл бұрын (1981) Түркістан облысы әкімінің орынбасары Рашид Абатуллаұлы АЮПОВ дүниеге келген.

Шымкент (қазіргі Түркістан) облысында туған. Академиялық инновация университетін заңгер мамандығымен бітірген, «Болашақ» бағдарламасымен Лондон университетінде мемлекеттік басқару магистрі ғылыми дәрежесін алған.

Еңбек жолы: «ҚР Мемлекеттік қызмет істері бойынша ақпарат және тестілеу орталығы агенттігі» ММ Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша операторы, жетекші сарапшысы (2004 жылдан); Астана қалалық ҚР Мемлекеттік қызмет істері бойынша ақпарат және тестілеу орталығы агенттігі ММ директорының орынбасары (2006-2008); Астана қалалық ҚР Мемлекеттік қызмет істері бойынша ақпарат және тестілеу орталығы агенттігі ММ директоры (2008-2009); ҚР Премьер-министрі кеңсесінде мемлекеттік қызмет және кадрлар жұмысы бөлімінің сектор меңгерушісі, қаржы-шаруашылық және кадрлар жұмысы бөлімінің бас консультанты, кеңсе басшылығы хатшылығының бас консультанты (2009-2015); Шымкент қаласы әкімінің аппарат басшысы (2015-2017); «Нұр Отан» партиясы ақпараттық технологиялар орталығының басшысы (2017-2018); Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі (07.2018-09.2018). «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы (2018-2019). Түркістан қаласының әкімі (2019-2021).

Қазіргі лауазымын атқаруға 2021 жылдың маусымында кірісті.




Түркістан облысында нөсер салдарынан көпірлерді су шайып, 81 адам эвакуацияланды
Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында нөсер салдарынан көпірлерді су шайып, 81 адам эвакуацияланды