4 наурызда өңірлердің басым бөлігінде күшті жел тұрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 4 наурыз күні республиканың басым бөлігінде құбылмалй күн райы сақталады, кей жерлерде жауын-шашын жауады. Жекелеген аумақтарда тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

 4 наурызда өңірлердің басым бөлігінде күшті жел тұрады

Атап айтқанда, Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жылдамдықтағы желдің екпіні 23-28 м/с жетуі мүмкін. 

Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында тұман, күндіз 15-20 м/с күшпен жел соғады. 

Қызылорда облысының кей жерлерін тұман басып, түнде көктайғақ, 15-20 м/с жылдамдықта жел күтіледі. 

Қарағанды, түнде Алматы облыстарында - тұман, көктайғақ болады. 

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең  тұман күтіледі. 

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, түнде және таңертең жел 15-20 м/с дейін күшейеді. 

Атырау облысының кей жерлерінде күндіз желдің күші 18 м/с болады.