4 облыста республикалық маңыздағы жолдардың 5 бөлігінде қозғалыс шектелді

 жол
Фото: aqmeshit-aptalygy.kz

Ауа райының қолайсыздығына байланысты (ауа температурасы төмендеуі, жаңбыр, боран) 4 облыста, атап айтқанда, Алматы, Атырау, Жамбыл, Жетісу өңірінде республикалық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Бұл туралы Kazinform Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторына сілтеме жасап хабарлайды.

«Желіде 616 жолшы, 349 арнайы техниканың көмегімен қардан тазалау және құм-тұз шашу жұмыстарын жүргізуде. Автокөлік жүргізушілерінің қауіпсіздігі үшін жақын маңдағы елді мекендерден, соның ішінде ірі қалалардан шығуды шектеуді сұраймыз»,-делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар