4 облыста республикалық маңыздағы 4 жолда қозғалыс шектелді
АСТАНА. KAZINFORM - 19 ақпан сағат 18.00-дегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 4 облыста республикалық маңызы бар 4 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы мәлім етті.
Жамбыл облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 79 км (қар, боран, жел, шектеулі көрініс).
1. «Алматы-Ташкент-Термез» - Кенен ауылы-Қайнар ауылы (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады) (барлық көлік үшін).
Жетісу облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 100 км (қар, боран, жел, шектеулі көрініс)
1. «Үшарал-Достық» - Көктұма стстанциясы - Достық станциясы (барлық көлік үшін);
Қостанай облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 83 км (Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты)
1. «Жезқазған-Петропавл» - Ұлытау облысының шекарасы, Арқалық қаласы (барлық көлік үшін)
Ұлытау облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 115 км (боран жел, шектеулі көрініс)
1. «Жезқазған-Петропавл» - Ұлытау кенті-Қостанай облысының шекарасы (барлық көлік үшін).
«Осы уақытта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 694 бірлік техника және 1536 жолшы жұмылдырылды»,-делінген хабарламада.