4 облыстағы республикалық жолдарда көлік қозғалысы шектелді

4 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Kazinform «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап. 

жол
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Ақтөбе облысында – 1 учаске

1.«Ақтөбе-Атырау-Астрахань» 97-330 км, Қандыағаш қ.- Атырау обл.шек. – 233 км.

Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады

Жамбыл облысында – 1 учаске

1.«Алматы-Ташкент-Термез» 159-238 км, Кенен а.- Қайнар а.– 79 км.

Жүк көліктері үшін шектеу енгізілді.

Батыс-Қазақстан облысында – 1 учаске

  1. «Орал-Тасқала- РФ шек.» 4-104 км, уч. Орал қ.-РФ. шек. – 100 км. Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады.

Қостанай облысында – 1 учаске

1.«Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» 386-503 км, Денисовка а.- Рудный қ.– 117 км.

Шектеу жүк және қоғамдық көліктерге қолданылады.

Республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға 454 бірлік техника және 586 жолшы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар