4 облыстағы жолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауа райыныңқолайсыздығына байланысты еліміздің бірнеше облысында республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл жайында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

4 облыстағы жолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Атап айтқанда, Ақмола облысында:

«Екатеринбург-Алматы» автожолының 1291-1353 шақырымы, «Нұр-Сұлтан қаласы-Қарағанды облысының шекарасы» учаскесінде; «Нұр-Сұлтан-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» тас жолының 32-51 шақырымы, «Қабанбай батыр ауылы-Қарағанды облысының шекарасы» учаскесінде;

Шығыс Қазақстан облысында:

«Омбы-Майқапшағай» автожолының 756-906 шақырымы, «Семей-Қалбатау учаскесінде» (жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін); «Өскемен-Семей» жолының 10-198 шақырымы, «Герасимовка ауылы-Семей қаласы» учаскесінде (жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін); «Омбы-Майқапшағай» жолының 587-733 шақырымы, «Павлодар облысы шекарасы-Семей қаласы» учаскесінде; «Семей-РФ шекарасы» автожолының 0-113 шақырымы, «Семей-РФ шекарасы» учаскесінде;

Қарағанды облысында «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1353-1426 шақырымы, «Ақмола облысы шекарасы-Теміртау» учаскесінде; «Нұр-Сұлтан-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» автожолының 51-104 шақырымы, «Ақмола облысының шекарасы-Нұра ауылы» учаскесінде көлік қозғалысы шектелген.

Ал Павлодар облысында мына жолдар жабық:

«Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» автожолы 200-254 шақырымының «Ақмола облысы шекарасы-Шідерті ауылы» учаскесі;

«Ленинск-Ертіс-Русская Поляна» жолы 0-272 шақырымының «Ленинск ауылы- РФ шекарасы» учаскесі;

«Омбы-Майқапшағай» автожолы 191-390 шақырымының «РФ шекарасы-Мичурино ауылы» учаскесі;

«Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара» автожолы 138-231 шақырымының «Баянаул ауылы-Қарағанды облысы шекарасы» уческесі;

«Қызылорда-Павлодар» жолы 1135-1206 шақырымының «Қарағанды облысының шекарасы-Шідерті» учаскесі;

«Омбы-Майқапшағай» автожолы 426-587 шақырымының «Кенжекөл ауылы-ШҚО шекарасы» учаскесі:

«Павлодар-Шарбақты-РФ шекарасы» автожолы 8-112 шақырымының «Жетекші ауылы-РФ шекарасы» учаскесі;

«Павлодар-Успенка- РФ шекарасы» жолының 0-152 шақырымы;

«Ленинск-Ақсу-Көктөбе-Курчатов» жолының 0-215 шақырымының «Ленинск ауылы-ШҚО шекарасы» учаскесі.