4 оқушы қызды қаққан мас жүргізуші: Президент тергеуді өз бақылауына алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысында 4 оқушы қызды қаққан мас жүргізушіге қатысты тергеуді өз бақылауына алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

4 оқушы қызды қаққан мас жүргізуші: Президент тергеуді өз бақылауына алды

Бұл жайында Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында мәлім етті.

«Президент Алматы облысында мас жүргізушінің төрт оқушы қызды қағып кеткен жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу жұмыстарын өз бақылауына алды. Екі қыз ауыр халде ауруханада жатыр. Мемлекет басшысы көлік жүргізушісін заңға сәйкес жауапқа тарту үшін аталған оқиғаны жан-жақты тексеру жөнінде тапсырма берді. Зардап шеккен қыздар мен олардың ата-аналарына тиісті көмек көрсетіледі» деп жазды Берік Уәли.

Еске сала кетейік, бүгін Алматы облысында мас жүргізуші 4 оқушыны қағып кетті. Әртүрлі дене жарақатын алған үш бала ауруханаға жатқызылды.

Көлік қаққан екі оқушының жағдайы өте ауыр.