4 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның төрт облысында ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.
None
None

27 желтоқсанда Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады. Күндіз оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел тұрады.

Сондай-ақ, Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Таңертең және күндіз оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы -15-20 м/с жетеді.

Жұма күні Ақтөбе облысының кей жерлерінде жауын-шашын жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады.

27-29 желтоқсанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Демалыс күндері жел оңтүстік-шығыстан батысқа ауысады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 м/с жетеді.

Соңғы жаңалықтар