4 өңірде бей-берекет қоқыс алаңдары толығымен жойылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің аумағындағы 6 740 бей-берекет қоқыс алаңы жойылды. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфуһар Жолдасов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

4 өңірде бей-берекет қоқыс алаңдары толығымен жойылды

«Азаматтарды алаңдататын тағы бір өзекті мәселе – қоқыстарды орналастыру. Қазіргі уақытта заңсыз қоқыс алаңдарын ғарыштан мониторингілеу жүзеге асырылады. Оның барысында 7 328 заңсыз қоқыс алаңы анықталды және 6 740-ы немесе 89 пайызы жойылды», - деді комитет төрағасы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында

Зұлфуһар Жолдасовтың дерегінше, Қызылорда, Атырау облыстарында, Алматы мен Шымкент қалаларында бей-берекет қоқыс алаңдары толығымен жойылған.

Жалпы, Экология министрлігінің қауырт желісіне 479 өтінім түссе, оның 54 пайызы дәл осы бей-берекет қоқыс алаңдарына қатысты болып тұр. Қордаланған проблеманы шешу үшін жұмыс істеп тұрған қоқыс алаңдарын жою жаңа алаңдардың пайда болуына жол бермеу бойынша кешенді іс-шаралар әзірленген.