4 пайыздық автонесие бағдарламасы жалғаса ма
«Бұл бағдарлама ұлттық валютамен, яғни теңгемен берілетін несиенің тапшылығын, оған деген қазақстандықтардың сұранысын көрсетті. Ашығын айту керек, осындай бастамалардың тапшылығы ел азаматтарының отандық тауарларды сатып алуларына қолбайлау болып отыр», - дейді О.Алферов.
Оның айтуынша, мемлекет сол 26 млрд. теңгені 4 пайыздық мөлшерлемемен бөлсе де, қазірдің өзінде 1 млрд. теңгедан астам пайда көріп отыр. Ал осы бағдарламаны ары қарай жалғастырып, оған қосымша қаржы бөлудің арқасында тағы мыңдаған қазақстандықтар өз көліктеріне қол жеткізе алады.
«Бағдарлама қолға алынғалы бері 7732 адам автокөлік мінді. Соның ішінде техника да бар. Айта кетер жәйт, Еуропа елдерінде ондай бағдарламалар аясында пайыздық мөлшерлемені субсидиялайды, яғни бюджеттің ақшасына банктің шығындарын жауып, адамға көлікті сатып алуға көмектеседі. Сөйтіп, үкімет машина жасау өнеркәсібіне қолдау жасайды. Бұл, көп жағдайда, қайтарымсыз қаржы. Бізде болса, 4 пайыздық автонесиеге бөлінген мемлекет қаржысы қайтарылады. Үкімет қолдау шараларын жасап қана қоймай, нақты пайыздық үстемеақыға ие болады. Демек, бұл - қайтарымды ақша. Сондықтан бұл бағдарлама жалғасын тапса, құба-құп. Ол халыққа да, үкіметке де, көлік шығарушы компанияларға да тиімді болып тұр», - деп атап көрсетті О.Алферов.