12:08, 19 Ақпан 2017 | GMT +5
4 салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы Рой Джонс мансабын аяқтайтын уақытты атады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік бокс федерациясының (WBF) нұсқасы бойынша 90,71 келіге дейін салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы америкалық Рой Джонс мансабын 2017 жылы аяқтайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Boxingscene порталы хабарлады.

«Бұл менің бокстағы соңғы жылым деп ойлаймын. Мұны баршаңызға мәлімдеймін», - деді спортшы.
18 ақпан күні 48 жастағы Джонс канадалық Бобби Ганнды жеңген еді. Джонс WBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды.
Джонс - төрт салмақ дәрежесіндегі (72,6, 76,2, 79,38 келіге дейін және аса ауыр салмақта) әлем чемпионы атанған алғашқы боксшы. Оның қоржынында барлығы 65 жеңіс бар (47 - нокаутпен) және тоғыз рет жеңіліс тапқан.