4 сәуір күнгі ауа райы болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 4 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек батыста, оңтүстік-батыста және солтүстік-батыста фронталды бөліктердің өтуімен жаңбыр жауады. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, оңтүстік-батыста найзағай, шаңды дауыл күтіледі. ҚазАқпарат бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.

4 сәуір күнгі ауа райы болжамы

Түнде Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с екпінде жел соғады, күші 23-28 м/с, артады. Өңірдің шығысында тұман болжанады.

Күндіз Атырау, Маңғыстау облыстарының басым бөлігінде 15-20 м/с екпінде жел соғады, күші 23-28 м/с артады. Күндіз Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрып, өңірдің солтүстігінде найзағай күтіледі.

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең өңірдің оңтүстігінде тұман болады.

Алматы облысының Алакөл ауданында желдің жылдамдығы 17-22 м/с жетеді.

Қостанай облысының солтүстігінде, батысында 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Өңірдің солтүстігінде тұман болжанады.

Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде және таңертең өңірдің оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде жел 15-20 м/с артады.

Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.