4 сәуір күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
9.00-де Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 29 наурызда Парламент сессиясының ашылуында берген тапсырмаларын іске асыру шаралары қаралады.
10.00-де Ritz-Carlton қонақ үйінде «Теңізшевройл» компаниясы басшылығы баспасөз брифингін өткізеді. Компания басшылары Теңізшевройлдың Қазақстан экономикасына, өңірдің әлеуметтік дамуына қосқан үлесі туралы, сондай-ақ елдегі ірі жобалардың бірінің технологиялық және кадрлық әлеуеті туралы айтып береді.
11.00-де Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде «Қосымша білім беру саласындағы жаңа жобалар» тақырыбында онлайн брифинг өтеді. Спикер: Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Маржан Қайырбаева. Онлайн баспасөз-конференциясы «Астана қаласы коммуникациялар қызметінің» Facеbook-тегі және Instagram-дағы ресми парақшаларында тікелей эфирде өтеді.
11.00-де ҚР Ұлттық кітапханасында Қазақстандық ғалым әйелдер қоғамының басты жобаларының бірі «Белгілі қазақстандық ғалым әйелдер қоғамы» атты энциклопедияның тұсаукесері өтеді.
12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Бизнеске жол» жобасын іске асыру» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz
15.00-де Парламент Сенатының депутаттары елордалық Полиция департаментінің бөлімшелеріне барады. Сапар «Есіл» ауданы полиция басқармасынан басталады, онда қонақтарға кезекші бөлім, хабарламаларды көп арналы қабылдау, «SOS» дабыл батырмасы көрсетіледі.
16.00-де ҚР Ұлттық музейінде «Италиялық ренессанс – мәңгілік сұлулық» цифрлық иммерсиялық көрмесінің ашылуы өтеді.
19.00-де Astana Opera театрында «РАХМАНИНОВ-ТРИБЬЮТ» фестивалі аясында «Көктем сулары» концерті өтеді.
19.00-де Жастар театрында Талаптан Ахметжанның «Таптым. Ғашық болдым. Жоғалттым» мюзиклі көрсетіледі.
19.00-де М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында «Наедине с Пушкиным» моноспектаклі қойылады.