4 сәуірде таулы өңірлерде қар жамылғысының еруі күшейе түседі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет 4 сәуірде Қазақстанның таулы аумақтарында, сондай-ақ шекаралық өңірлерінде ауа райының қандай болатындығы жөнінде мәліметті таратты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
Синоптиктердің атап өтуінше, аласа таулық аумақтарда температураның қолайлы болуы қар жамылғысының еруіне соқтырады. Қар жамылғысының өзгеруі 22-ден + 2 сантиметрге дейін.
Өткен тәуліктерде Қазақстанның шығысындағы таулы өңірлерде кей жерлерде аздаған жауын-шашын байқалды. Ал қалған аймақтарда күн ашық болды.
Қаратау тауларында жел күшейіп, жылдамдығы15 м/с жетті. 4 сәуірде Талас Алатауына жаңбыр жауып, ал Батыс Алтай тауларында қар түсуі күтіледі.
Іле, Жетісу Алатауында - күн ашық, ауа температурасы: 2000 метр биіктікте: түнде 0° шамасында, күндіз 7-9° жылы, 3000 метр биіктікте: түнде 3-5° суық, күндіз 3-5° жылы.
Қырғыз Алатауында - күн ашық, ауа температурасы: түнде 0-5°, күндіз 11-16° жылы.
Талас Алатауында - аздап жаңбыр жауады, ауа температурасы: түнде 1-6°, күндіз 10-15° жылы.
Батыс Алтай - түнде кей жерлерде аздап қар жауады, ауа температурасы: түнде 5-10° суық, күндіз 0- 5° жылы.
Хребет Тарбағатай жотасы - күн ашық, ауа температурасы: түнде 5-10° күндіз 3-8° суық.