4 сәуірдегі ауа райы болжамы
АСТАНА. ҚазАқпарат - 4 сәуір күні ел аумағының басым бөлігінде циклонның әсерінен ауа райы құбылмалы болады.
Кей жерлерде жауын-шашынды, тұман түсіп, жел күшейеді. Тек республиканың батысында күн ашық, деп хабарлайды ҚР ТЖМ «Қазгидромет» РМК-ге сілтеме жасап.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, түнде Қостанай облысында кейбір жерлерде тұман түседі, көктайғақ, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Ал Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады, жел екпінінің 15-20 м/с.-қа жетуі ықтимал.
Түнде Ақтөбе облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Шығыс Қазақстан облысының жекелеген аудандарында, ал күндіз Павлодар, Қарағанды облысында жел күшейіп, оның жылдамдығы15-20 м/с.-қа жетеді. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында тұман түседі деп күтілуде.