4 сәуірге арналған ауа райы болжамы
АСТАНА. 4 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін еліміздің басым аумағы антициклонның ықпалында болады.
Осыған орай жауын-шашынсыз күн райы күтілуде, кей жерлерде жел күшейеді, елдің батысында оған шаңды дауыл араласады.
Мемлекетіміздің солтүстік және шығыс аймақтарында атмосфералық ағым бөліктерінің өтуіне байланысты кей жерлерде аздаған жаңбыр жауып, тұман болады деп күтілуде. Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап ҚР ТЖМ-нан хабарлады.
Атап айтқанда, Ақмола, Қостанай облыстарында кей жерлерде жердің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейіп, тұман тұрады.
Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстарында да желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді деп күтілуде.
Маңғыстау мен Атырау өңірлерінде кей аумақтарда желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге артып, шаңды дауыл тұрады.
Батыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында кей жерлерде тұман, желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді.
Солтүстік Қазақстан мен Қарағанды аймақтарында кей жерлерде тұман тұрады деген болжам бар.
Павлодар облысында күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Еліміздің батысы мен орталығындағы жекелеген өзендерде (Жайық, Ілек, Шаған, Быковка, Деркөл, Көсістек, Нұра, Шерубай-Нұра, Есіл өзенінің жоғарғы жағы) көктемгі су тасқыны жағдайының дамуы жалғасып, судың деңгейі көтерілмек.
Еліміздің солтүстігіндегі өзендерде көктемгі үрдістер дами түседі. Оңстүтіктің басым өзендерінде су мөлшері ауытқиды. ШҚО аумағындағы Ертіс өзенінде мұз қатпарлары бұзылып, кептелістердің орын алуы, су көлемінің көтерілуі ықтимал.