4 шілде. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2014 жылғы 4 шілдеге арналған күнтізбесін ұсынады.
4 шілде, ЖҰМА Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік мейрамы - Тәуелсіздік күні. 1776 жылы Томас Джефферсон «АҚШ Тәуелсіздігі декларациясына» қол қойды. АҚШ - Солтүстік Америкада орналасқан мемлекет. Оңтүстігінде Канадамен, оңтүстік-батысында Мексикамен шектеседі. Шығысын Атлант мұхиты, оңтүстік-шығысын Мексика шығанағы, батысын Тынық мұхиты қоршайды. Әкімшілік жағынан 50 штатқа бөлінеді. Астанасы - Вашингтон қаласы. Ресми тілі - ағылшын тілі. Ақша бірлігі - доллар.
Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1991 жылғы желтоқсанның 26-ында орнатылды.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі еврейлердің бастан кешкен зұлматын еске алу күні
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
8 2 жыл бұрын (1932) бір топ қазақ зиялылары - Ғ.Мүсірепов, М. Ғатаулин, Е. Алтынбеков, М. Дәулетқалиев, Қ. Қуанышев БК (б) П Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Ф. Голощкинге хат (бесеудің хаты) жолдады. Бастапқыда хат И. Сталинге арнап жазылған болатын. Бесеудің хаты республикадағы мал шаруашылығының күйрегендігі салдарынан елді алапат ашаршылық жайлағандығын айтып сақтандырған алғашқы дабылдардың бірі болды. Хатта қазақ ауылындағы социалистік қайта құрулар бүкілхалықтық қасіретке айналып, барлық әлеуметтік топтарды - байларды, орта шаруаларды, кедейлерді қамтығаны, күштеп ұжымдастыру мен отырықшыландыру, алым-салық жинаудағы қиянаттар жұрттың жаппай аштық пен індетке, ауа көшуіне әкеліп соққандығы шыншылдықпен баяндалды.
2 2 жыл бұрын (1992) Қазақстан Республикасы Халықаралық валюта қорына, Халықаралық қайта құру және даму банкіне, Халықаралық қаржы корпорациясына, Халықаралық даму қауымдастығына, Инвестициялар кепілдігінің көп жақты агенттігіне және Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталыққа мүшелікке өтті.
2 2 жыл бұрын (1992) Алматы эстрада-цирк училищесіне Жүсіпбек Елебековтің есімі берілді.
1 4 жыл бұрын (2000) Атырау қаласында қазақ халқының ұлы күйшісі, композитор, дүлдүл домбырашы, қазақтың аспаптық музыкасының классигі Құрманғазы Сағырбайұлының ескерткіші ашылды. Ол 1823 жылы қазіргі Құрманғазы ауданының Жиделі елді мекенінде дүниеге келіп, 1896 жылы Астрахан облысының Алтынжар ауылында қайтыс болған.
1 4 жыл бұрын (2000) Шығыс Қашағанда мұнайдың орасан мол мұнай қорының ашылу салтанаты болып, оған Елбасы Н.Ә. Назарбаев қатысты. Онда әлемдегі ең үлкен баржа құрастырылып, жеті мемлекеттен мамандар тартылған. Шығыс Қашағандағы «қара алтын» қоры 7 миллиард тоннаны құрайды. Осы Каспий табанындағы «қара алтын» елімізге 1 триллион доллардан астам табыс әкеледі. Сарапшылар жаңа кеніштен жылына 100 миллион тонна мұнай өндіруге болатындығын айтуда.
1 4 жыл бұрын (2000) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев қазақстандық спортшы, 1994 жылы Норвегияның Лиллехаммер қаласында өткен қысқы Олимпиадада, 50 шақырымға созылған шаңғы жарысының жеңімпазы Владимир Смирновқа «Даңқ» орденін табыс етті. Жалпы қазақстандық спортшылар қысқы Олимпиада өткен 46 жылда 11 медальді (1 алтын, 5 күміс, 5 қола) жеңіп алса, соның жетеуі (1 алтын, 4 күміс, 2 қола) Смирнов еншісінде.
1 1 жыл бұрын (2003) Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев «Автомобиль көлігі туралы» Заңға қол қойды.
9 жыл бұрын (2005) Ақтөбеде кәсіпкерлік және ішкі саясат департаменті ұйымдастыруымен облыстық әйелдердің ойлары мен тауарларынан құралған «Қанатты әйел-2» жәрмеңкесі болып өтті.
Шараға облыстың 80-нен астам қолөнерші, табысқа жеткен кәсіпкерлер, модельер мен суретші, мәдениет пен өнер саласының қызметкерлері, ұйымдар мен кәсіпорынның басшы әйелдері қатысты. Жәрмеңкеге өндіріс, денсаулық сақтау, білім, қоғамдық және ғылыми-өндірістік бірлестік саласының идеялары мен өнімдері көрсетілген 60 жәдігер қойылған.
Жәрмеңкенің басты мақсаты - әйел мәртебесін жоғарылату, әйел кәсіпкерлігін көрсету және насихаттау.
5 жыл бұрын (2009) Қазақстан Республикасының Президенті Астанада жетім балаларға арналған 300 орынды мамандандырылған кәсіби-техникалық лицейді ашты.
Құрылысты «Қазақмыс» корпорациясы жүргізген.
Бұл оқу орнында токарь, газбен және электрмен дәнекерлеуші, экскаватор және бульдозер жүргізушісі, кранда жұмыс істеуші, электр монтері, аспаз, бармен, түрлі санаттағы жүргізуші сияқты мамандарды даярлайды. Лицейде алаңы 360 шаршы метрлік оқу-жаттығу бассейні, алаңы 180 шаршы метрлік зал және қала мектептерінің ішіндегі ең үлкен - ұзындығы 42 метрлік спортзал және 204 орындық трибуна бар.
5 жыл бұрын (2009) Ақмола облысында «Семізбай-U» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жылдық қуаты 500 тонна уран өндіретін жаңа кәсіпорынды іске қосты.
Барлау және қазба жұмыстарында саладағы озық технологиялық жетістік кеңінен қолданылып, қоршаған ортаға еш зиян келтірмеу қамтамасыз етілген. Шикізатты өңдеуде «Степногор тау-химия комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің өндірістік қуаты пайдаланылады.
5 жыл бұрын (2009) Алматыда «Шаңырақ-1» ықшамауданында Алатау ауданының тұсаукесер рәсімі болып өтті.
2008 жылы Алматы қаласының әкімшілігі мен мәслихатының бірлескен шешімі бойынша Әуезов, Жетісу және Алмалы аудандарының аумағынан ұйымдастырылған Алатау ауданы құрылды. Жаңа ауданың аумағы 7190 гектар жерді алып жатыр. Оның құрамына «Өжет», «Красный трудовик», «Заря Востока», «Ұлжан» - 1,2, «Дархан», «Байбесік», 6-градкомплекс, «Шаңырақ» - 1, 2, 3, 4, 5, 6, «Көкқайнар», «Әйгерім» - 1, 2, «Құрылысшы», «Түркістан», «АДК», «Ақбұлақ», «Алғабас» атты қосылған ауылдар кiредi.
Жаңа әкiмшiлiк ауданды құрудың басты мақсаты қосылған ауыл тұрғындарының хал-жағдайларын жақсарту, сонымен бiрге Алматы қаласын солтүстік және солтүстiк-батыс бағыттарында әрі қарай дамыту болып табылады.
1 8 жыл бұрын (1996) Қытай Халық Республикасының бұрынғы Төрағасы Цзян Цзэминь тұңғыш ресми сапармен Қазақстанға келіп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті. Кездесу барысында екі ел арасындағы бірлескен декларацияға қол қойылды.
3 жыл бұрын (2011) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана қаласының жаңа көлік жүйесі» жобасы іске асырыла басталуына орай капсуланы қалау рәсіміне қатысты. Жалпы ұзындығы 41,81 шақырымдық жобаны 3 кезеңде жүзеге асыру жоспарланған.
3 жыл бұрын (2011) елордада ASTANA MINING & METALLURGY атты 2-ші халықаралық тау-кен металлургия конгресі өтті.
2 жыл бұрын (2012) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Лондон Олимпиадасына қатысатын қазақстандық спортшыларды қабылдады. Оған Қазақстаннан 20 спорт түрі бойынша 107 спортшы қатысты.
2 жыл бұрын (2012) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ халқының ұлы күйшісі Құрманғазының ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты.
Ұлы композитор, дәулескер күйші Құрманғазы Сағырбайұлының ескерткіші елордадағы Тұран даңғылының бойындағы «Думан» конақүй кешенінің аумағында орнатылды. Ескерткіштің жалпы биіктігі 10 метрді құрайды: 5,5 м тұғыры және 4,5 м - ескерткіштің биіктігі. Авторы - мүсінші Асан Молдабаев.
«Қазақ халқы барда, Құрманғазының есімі де мәңгі өшпейді», - деді салтанатты шара барысында сөз сөйлеген Елбасы Н. Назарбаев.
Күй өнерінің классигі Құрманғазы Сағырбайұлы - қазақ музыка тарихында ерекше орны бар аса ұлы тұлға. Әрі күйші-сазгер, әрі дүлдүл домбырашы. Күйшілік өнерді ерекше сатыға көтерген ол ұлттық аспаптық музыканы әлемдік классикалық туындылармен тайталаса алатын дәрежеге жеткізе білген. XIX ғасырда өмір сүрген ұлы күйші-композитор, Құрманғазы Сағырбайұлының «Сарыарқа», «Балбырауын», «Алатау», «Кішкентай», «Қайран, шешем», «Адай», тағы да басқа көптеген күйлері әлемдік музыка қорына қосылған алтын қазына деуге болады. Қазақ даласының әсемдігін суреттейтін «Сарыарқа» күйі композитор шығармашылығының шыңы болып саналады. Қазіргі уақытта Құрманғазының 60 күйі сақталған.
38 3 жыл бұрын (1631) Парижде алғашқы мекенжай бюросы ашылды.
19 5 жыл бұрын (1819) Кронштадттан «Восток» және «Мирный» шағын қайықтары жер шарын айналған саяхатқа шықты. Осы экспедиция барысында алтыншы континент Антарктида ашылды.
1 30 жыл бұрын (1884) Азаттық ескерткіші Франциядан Америкаға әкелінді. 92 метр, 255 тонналық мүсіннің ашылу салтанаты 1886 жылы қазанның 28-інде болды.
6 8 жыл бұрын (1946) Филиппин тәуелсіз ел болып танылды.
5 4 жыл бұрын (1960) Гавай аралдарының құрамаға енуіне орай АҚШ-тың мемлекеттік туына 50-ші жұлдыз қосылды.
3 9 жыл бұрын (1975) Кабо-Верде аралы Португалиядан тәуелсіздігін алды.
ЕСІМДЕР
8 8 жыл бұрын (1926-2013) әнші (лирикалық баритон), Қазақстан Республикасы Музыка қайраткерлері одағы басқармасының төрағасы, Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жеке орындаушысы, КСРО мен Қазақстанның халық әртісі, профессор, Социалистік Еңбек Ері СЕРКЕБАЕВ Ермек Бекмұхамедұлы дүниеге келді.
Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесін (Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі), Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген.
Ермек Серкебаев орындаған партиялардың ішінде Ахмет Жұбанов және Латиф Хамидидің операсындағы - Абайды, «Біржан мен Сара» операсындағы Қожағұл, Амангелді, Петр Чайковскийдің «Евгений Онегин» және «Пиковая дамасында» Онегин мен Елецкиді, Джоаккино Россинидің «Севиль шаштаразы» Фигароны, «Укрощение строптивой» Петруччионы, Евгений Брусиловский мен Еркеғали Рахмадиевтің операсындағы Ер Тарғын және Алпамыс батырлар және басқа да көптеген операларда ойнаған. Кино өнері саласында да атсалысып, «Тақиялы періште», «Біздің сүйікті дәрігер», т.б. фильмдерге түскен. Гастрольдік сапармен әлемнің 50-ден аса елдерінде болған. 1973 жылдан қазіргі кезге дейін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында вокал класы бойынша дәріс береді. 2006 жылы - Мәскеу консерваториясының үлкен залында ән шырқаған. Қазіргі қызметінде 1947 жылдан бастап істейді. КСРО Жоғарғы Кеңесі 7-шақырылымының депутаты, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 8, 11-шақырылымдарының депутаты.
«Отан», Еңбек Қызыл Ту, Қазан революциясы, 2 мәрте Ленин ордендерімен, медальдармен марапатталған. КСРО мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының, Халықаралық вокалистер конкурсының лауреаты, вокалистер мен балет әртістерінің бүкілодақтық конкурсы сыйлығының және «Тарлан» сыйлығының иегері. 2011 жылы желтоқсанның 22-сі күні Алматыда Ирина Серкебаеваның «И жизнь, и молодость, и счастье» атты кітабының тұсаукесері өтті. Кітап Қазақстанның халық әртісі, атақты әнші Ермек Серкебаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған.
6 9 жыл бұрын (1945) физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының академигі ШЕРИЯЗДАНОВ Ғалым Бекенұлы дүниеге келді.
Алматы облысы Көксу ауданында туған. Т. Шевченко атындағы Киев мемлекеттік университетін және оның аспирантурасын бітірген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті теориялық механика кафедрасының аға оқытушысы, доценті, тұтас орта механикасы кафедрасының доценті, профессоры қызметтерін атқарған. 2000 жылдан - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті механика кафедрасының профессоры.
Физика-математика ғылымдарының 6 кандидатын дайындады. 110 ғылыми жұмыстардың, 1 оқулық және 5 оқу құралдарының авторы.
Медальдармен, КСРО Жоғарғы оқу орындары министрлігінің «За отличные успехи в работе» және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «За заслуги в развитии науки Республики Казахстан» төс белгілерімен марапатталған. 2007 жылғы «Жоғарғы оқу орындарының үздік оқытушысы» атты мемлекеттік гранттың иегері. 67 жыл бұрын Қазақстан-Британ Техникалық Универcитетiнің «Мұнай-газ кен орындарын модельдеу» ғылыми зерттеу лабораториясының меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Жаратылыстану ғылым академиясының академигі, КСРО Ғылым академиясы мен Чехословакия Ғылым академиясы сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы бiлiм беру ісінің үздігі, Райымбек ауданының құрметті азаматы САҚАБЕКОВ Әужан дүниеге келді. ҚР Білім және ғылым министрлігінің ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін медалімен марапатталған.
Алматы облысы, Нарынқол (Райымбек) ауданында тұған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің механика-математика факультетін бітірген (1970); физика-математика ғылымдарының кандидаты (1982); физика-математика ғылымдарының докторы (1993); профессор (1996).
Қарағанды политехикалық институтының жоғары математика кафердрасының оқытушысы (1970 - 1971); Забайкалье әскери округында зенит-артиллерия взводының командиры (1971-1973); В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының аға оқытушысы, доценті, профессоры, қолданбалы математика кафедрасының меңгерушісі (1973 - 2001).
2001 жылдан бастап Қазақстан-британ техникалық универcитетiнің оқу ісі жөніндегі проректоры, оқу-әдістемелік департамент жетекшісі, жоғары математика және кибернетика кафедрасының меңгерушісі, мұнай-газ кен орындарының геологиялық моделін құру лаборатория меңгерушісі.
160 тан астам ғылыми жұмыстардың авторы, оның ішінде 6 оқу құралы, екі монографияның авторы.
Сәуленi тасымалдау теориясы, атмосфералық оптика мәселелері, Больцман теңдеуінің теориясы мен қолданылуы, Больцманның моменттік теңдеулер жүйесі және мұнай-газ кен орындарын игеру салаларындағы маман.
5 7 лет назад (1957) ҚР Президенті Әкімшілігінің құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі ШПЕКБАЕВ Алик Жатқамбайұлы дүниеге келді.
Алматы облысы Қаскелен ауданы Абай ауылында туылды. 1980 жылы ҚСРО ІІМ Шымкентте арнайы мектебін бітірді. 1987 жылы ҚСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін, 1992 жылы РФ ІІМ Академиясын тәмамдады.1980-1991 жж. - Алматы облыстық ІІБ бөлімшелерінің оперативті және басшылық құрамы лауазымдарында қызмет етті.1991-1992 жж. - РФ Академиясының тыңдаушысы.1995-1997 жж. - Алматы облысы ІІБ басшылық лауазымдарында қызмет етті.1997-2000 жж. - Алматы облысы МТКБ басшылық лауазымдарында қызмет етті.2000-2003 жж. - Алматы облысы ІІБ бастығы қызметін атқарды. 2003-2008 жж. - Қазақстан Республикасы Ішкі істер вице-министрі қызметін атқарды. 2008 жылғы қараша айында Мемлекет басшысының Өкімімен Президент Әкімшілігі Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды. Заң ғылымдарының кандидаты. «Өлім жазасын жою сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасында халықаралық нормалар мен стандарттарды имплементациялау мәселелері» және 15-тен артық мақалалар мен жариялымдардың авторы. 2 дәрежедегі «Даңқ» ордені, 2 дәрежедегі «Айбын» ордені, «Парасат» ордені, «Қазақстан Республикасы ІІМ еңбек сіңірген қызметкері», 30-дан артық медальдар.
40 жыл бұрын (1974) Астана қаласы әкімінің орынбасары БАЛАЕВА Аида Ғалымқызы дүниеге келді.
Алматы облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылында дүниеге келген. 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. 1999 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Қызметін Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының қоғамдық-саяси процестерді талдау және үйлестіру бөлімінің жетекші маманы болып бастаған. Аталған министрлік жүйесінде 2004 жылға дейін жетекші маманнан бастап Алматы қаласының Ақпарат басқармасы бастығының міндетін атқарушысына дейін түрлі қызметтер атқарған. 2004 жылы Алматы қаласының Ішкі саясат департаменті бастығы директорының бірінші орынбасары болып тағайындалды. 2006 жылы Алматы қаласының Ішкі саясат департаментінің директоры болып ауысты. 2008 жылдың 16 сәуірінен бастап Астана қаласы Ішкі саясат департаментінің директоры, кейін басқарма бастығы болып жұмыс істейді. 2010 жылғы ақпаннан бастап Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметінде.
23 4 жыл бұрын (1790-1866) ағылшын географы, геодезист, әлемнің ең биік шыңына есімі берілген Джордж ЭВЕРЕСТ дүниеге келді .
14 2 жыл бұрын (1872-1933) мемлекет және саясат қайраткері, АҚШ-тың 30-шы Президенті (1923-1929) Калвин КУЛИДЖ дүниеге келді.
6 2 жыл бұрын (1952) Колумбия саясаткері, 2002-2010 жылдар аралығында Колумбия перзиденті болған Альваро Урибе ВЕЛЕС дүниеге келген.