4 шілде күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат халықаралық ақпарат агенттігі 4 шілде күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу ұсынады.
АСТАНА
8.30-да С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Қазақстан фермерлер одағы өкілдерінің қатысуымен Агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру мәселелері бойынша семинар-кеңес өтеді.
9.00-да Конгресс-Орталықта Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің қатысуымен «Astana Finance Days» сессиясы және «AIFC Digital Exhibition» цифрлық бастамалар көрмесі өтеді.
9.00-да ЭКСПО-да жасанды интеллекті бар әлемдегі алғашқы гиноид София Астанадағы робопост кеңсесін ашады.
9.30-да ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінде «Ел жүрегі - Астана» атты республикалық бірыңғай медиажоспар аясында «Аудандар мен ауылдардың дербес бюджеті» тақырыбында семинар өтеді.
10.00-де «Үкімет үйінде» «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаевтың қатысуымен Kazakhstan Global Investment Roundtable 2018 екінші халықаралық инвестициялық форумының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өтеді.
10.00-де ақын-жазушылар және журналистер, баспасөз хатшылары арасында тоғызқұмалақтан ашық республикалық жарыс өтеді.
10.00-де «Алтын Орда» бизнес орталығында «Қазақстан және өзге де елдердің ауыл шаруашылық кәсіпкерлерінің әлеуеті мен перспективалары» атты халықаралық форум өтеді.
11.00-де Студенттер саябағында қазақ халық аспаптар оркестрлерінің «СЕРПЕР» VI Республикалық фестивалі басталады.
11.00-де ҚР Президентінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру және жоғары әскери оқу орындарының курсанттарына офицерлік погондарды табыстау рәсімі өтеді.
11.40-та Мемлекет басшысы Паралимпиадалық жаттығу орталығына барады.
12.00-де ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің мәжіліс залында балалар мен жасөспірімдер арасындағы кекушинкай каратэден III Әлем Чемпионатын өткізу туралы баспасөз мәслихаты өтеді.
12.10-да ҚР Президенті Жеңіс даңғылындағы саябаққа барып, Мәншүк Мәметова ескерткішіне гүл шоғын қояды.
12.45-те Конгресс-орталықта Astana Finance Days аясында блокчейн-технологиялар мен криптовалюталар бойынша панельдік сессия басталады.
13.00-де Назарбаев орталығында Астана халықаралық қаржы орталығының ресми таныстырылымы аясында құқықтық мәселелер бойынша конференция өтеді.
14.20-да Елорданың 20 жылдық мерекесін тойлау аясында «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында партияның жаңа мүшелеріне билет беру рәсімі өтеді. Партия билеттерін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары М.Әшімбаев табыстайды.
15.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінің «Ежелгі Тараздың қазыналары» атты археологиялық экспонаттардан құралған көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.
15.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының «Қазақстан халқы Ассамблеясының залында» «Жемчужная поэзия Казахстана» атты өлеңдер жинағының тұсаукесері өтеді.
17.30-да Оқушылар сарайында «Wide World» - «Ұлы Дүние» I халықаралық ерекше театрлар фестивалінің баспасөз мәслихаты өтеді.
18.00-де Қазақстан Республикасына ресми сапармен келген Әбу-Дабидің мұрагер ханзадасы шейх Мухаммед бен Заид Аль Нахаян Ақордаға барады.
19.00-да «Астана Опера» театрында «Астана Арқау» түркі музыкасы фестивалі басталады.
АЛМАТЫ
11.00-де Жібек жолы көшесінде «Мүмкіндіктер уақыты» атты қалалық бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді.
11.00-де Панфилов көшесінде «Astana 20 year» тақырыбында ашық аспан астындағы көркемөнер галереясы ашылады.
15.00-де Ұлттық ғылым академиясы ғимаратында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің ҚР балалар құқықтарын қорғау жөніндегі Омбудсмен Сәуле Айтпаевамен және балалар құқығын қорғау саласында жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік органдар өкілдерімен кездесуі өтеді.
ШЫМКЕНТ
11.00-де Астананың 20 жылдығына орай, Шымкенттегі «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында облыстық ассамблея жанындағы құрылымдардың жетекшілері мен өңіріміздегі этномәдени бірлестік төрағаларының қатысуымен «Тұрақтылық тұғыры - Астана» тақырыбында жиын өтеді.