4-сынып оқушысын зорлады деген айыппен 25 жастағы азамат тұтқындалды - ҚР ІІМ

АСТАНА. 9 наурыз. ҚазАқпарат - 4-сынып оқушысын зорлады деген айыппен 25 жастағы азамат тұтқындалды, деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметінен.

4-сынып оқушысын зорлады деген айыппен 25 жастағы азамат тұтқындалды - ҚР ІІМ

Ведомствоның атап өтуінше, ағымдағы жылдың ақпан айының ортасында Ақтөбе қаласының полиция бөліміне бір әйел, белгісіз біреудің 4-сыныпта оқитын қызын зорлағаны туралы хабарлаған. Арнайы жүргізілген операцияның нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері Алға қаласының 25 жастағы жергілікті тұрғынын ұстады.

Бастапқы деректер бойынша күдікті қыз баланы мектептен қайтар жолда аңдып, алдау арқылы үйіне апаруды ұсынған. Содан кейін Қандыағаш қаласының шетіне шығып, автомашинаның салонында қыз баланы зорлап, бой тасалаған.

Қазіргі уақытта күдікті құрықталып, зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар тергеу амалдары жүргізілуде.