4 тамыз күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 4 тамыз күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
9.00-де Керей-Жәнібек хандар көшесі, 4/1 мекенжайындағы Халықаралық қызмет көрсету орталығында Халықаралық келіссөздер академиясы медиаторларының қатысуымен Ашық есік күні өтеді.
11.00-де Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде «Гепатитке қарсы күрес: аурудың алдын алу жолдары» тақырыбында онлайн брифинг өтеді. Спикер: Астана қаласы Гепатология орталығының басшысы Күнсұлу Шамсивалиева. Онлайн баспасөз конференциясы Астана қаласы коммуникациялар қызметінің Facеbook-тегі facebook.com/rsk.astana01 және Instagram-дағы instagram.com/rsk.astana ресми парақшаларында тікелей эфирде өтеді.
12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Жақсылық жаса!» атауымен «Мектепке жол» республикалық акциясының басталуы туралы баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Оспан Еділ Сабырұлы; ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Оспанова Насымжан Жамбекқызы. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz
16.00-де Әділет министрлігінде Әділет министрі Азамат Есқараевтың төрағалығымен Заң жобалау мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссияның кезекті 629-ші отырысы өтеді.