4 жарым мыңнан астам прокурор кезектен тыс аттестаттаудан өтеді

АСТАНА. 10 мамыр. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 8 сәуіріндегі Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, 4 жарым мыңнан астам прокурор кезектен тыс аттестаттаудан өтеді.
None
None

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарланды.

«Мұндай ауқымды шара елімізде тұңғыш рет өткізілуде. Ондағы басты мақсат - қоғамның қолдауына жауап беретін, өзінің таңдаған ісіне адал және кәсіби қызметкерлерді іріктеу, құқық қорғау органдары қатарын бедел түсіретін қызметкерлерден тазарту, құқық қорғау органдарына деген халықтың сенімін арттыру болып табылады. Аттестаттауды  өткізудің өзектілігі, бәрінен бұрын құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің кәсіби даярлық деңгейін анықтау, жоғары білікті кадрларды қалыптастыру қажеттігіне байланысты туындап отыр», - дейді  Бас прокуратура  Кадр жұмысы департаменті бастығының міндетін атқарушы Роза Досымбекова.

Оның айтуынша, кезектен тыс аттестаттаудан барлығы 4 жарым мыңнан астам прокурор өтетін болады. Аттестаттау бірқатар сатылы кезеңнен тұрады, Атап айтқанда, олар - аттестаттауды өткізуге даярлық, заңнаманы білуге және логикалық ойлау қабілетіне компьютерлік тестілеу, психологпен әңгімелесуден өту, тиісті аттестаттау комиссиялары өткізетін әңгімелесу, аттестаттау комиссияларының шешім шығаруы.

Аттестаттау барысында қызметкерлердің жеке қасиеттеріне ерекше мән беріледі. Нақты айтқанда тіл табыса білу, азаматтармен жұмыс істеу қабілеті, психологиялық орнықтылығы ескеріледі. Қызметкердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауы, Мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексінің талаптарын орындауы назарға алынады.

«Бұл шараның маңыздылығын атай отырып, құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру үшін, прокуратура органдары Мемлекет басшысының тапсырмаларын дер кезінде және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді, ал біздің қызметкерлеріміз өздерінің біліктілігін және кәсіби даярлығын дәлелдейді деп сенім білдіремін», - дейді Р. Досымбекова.

Соңғы жаңалықтар