4 желтоқсанда ауа райы қандай болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер 4 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фронттардың әсерінен республиканың кей жерлерінде қар жауады. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жауын-шашын (көбіне қар түрінде) болады.

Тек еліміздің батысында ғана күн ашық, жауын-шашын жаумайды. Кей жерлерде тұман түседі, жаяу бұрқасын көтеріліп, жел күшейеді. Оңтүстікте көктайғақ болады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Күндіз боран соғады. Желдің екпіні - 15-20 м/с.

Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жаяу бұрқасын көтеріледі. Күндіз жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Түркістан облысының кей жерлерде көктайғақ болады.

Ақмола облысының кей жерлерде тұман түседі, боран соғады. Жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі. Жалаңашкөл ауданында желдің күші - 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстіқ Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Манғыстау облысының кей жерлерінде жолда көктайғақ болады. Маңғыстау облысының солтүстігінде 22 градусқа дейін қатты аяз білінеді.

Соңғы жаңалықтар