4 жылда ЕО Қазақстандағы мемлекеттік қызметті дамытуға 4,5 млн. еуро жұмсады

«Қазақстан Үкіметі мемлекеттік қызметінің реформасы және жаңғыртылуы» атты жоба 2012 жылдың қаңтар айынан бастап, төрт жыл жүзеге асырылып келді. Осы аралықта Еуропалық Одақ 4,5 млн. еуро қаражат жұмсады», - деп атап өтті вице-министр.
Оның айтуынша, аталған жоба - мемлекеттік басқару мәселелері бойынша еуропалық тәжірибені Қазақстанда интеграциялау мақсатында қолға алынған халықаралық бастама. Ол Қазақстанда елдің ұзақмерзімді басымдықтарын жүзеге асыруға қауқарлы және нәтижеге негізделген кәсіби білігі жоғары мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған.
И. Ахметованың сөзі бойынша, Еуропалық Одақтың қолдауымен мемлекеттік қызметтің жаңа негіздері қаланды. Оның үстіне «Мемлекеттік қызмет туралы» заң қабылданып, мемлекеттк қызметті реформалауға бағытталған бірқатар нормативтік актілер енгізілді.
«Еуропалық Одақпен қаржыландырылған жоба, біздің елде жаңа мемлекеттік қызметтің моделін қалыптастыруға септігін тигізді», - деді И.Ахметова.