4 жылдан кейін әлем қазіргіден де ауыр дағдарысқа ұшырайды

МӘСКЕУ. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат – 2013 жылға қарай әлем мұнай жетіспеушілігінен жаңа, қазіргіден де ауқымды дағдарысқа ұшырайды. Халықаралық энергетикалық агенттіктің директоры Нобуо Танака осындай мәлімдеме жасады.
None
None
Оның айтуынша, бұл мұнай компанияларының жаңа кеніштерді игеру жобаларына инвестициялар салуды тоқтатуларына байланысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Utro.ru сайтына сілтеме жасап. ОПЕК мәліметі бойынша, мұнайдың әлемдік бағасы құлдырағаннан кейін, компаниялар «қара алтын» өндіру саласындағы 130 ірі жобаның 35-ін тоқтатып отыр. Картель сарапшыларының бағалауынша, әлемдік мұнай өндірісінің шарықтау шегі - тәулігіне 89 миллион баррель өндіру көрсеткішіне 2008 жылы жеткен болатын, бұдан былай өндіріс квотасы тек төмендей бастайды.
Соңғы жаңалықтар