4 жылдан кейін «ҚазМұнайГаз» компаниясы жоғары октанды бензинге деген сұранысты толығымен өтейтін болады - компания басшысы
АСТАНА Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгінгі таңда «ҚазМұнайГаз» компаниясы еліміздегі 3 мұнай өңдеу зауыттарын қайта жаңғырту жұмыстарына кірісті. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында «ҚазМұнайГаз» компаниясының басшысы Қайыргелді Қабылдин мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«2014 жылы біз барлық 3 мұнай өңдеу зауытын қайта құру және жаңғырту жұмыстарын толығымен аяқтайтын боламыз. Осының арқасында мұнай өңдеудің жалпы көлемін 14 миллионнан 17 миллион тоннаға көбейтіп, жоғары октанды бензин және дизель отынына деген сұранысты толығымен өтейміз», деді Қ. Қабылдин.
Компания басшысы атап көрсеткендей, бүгінгі таңда «ҚазМұнайГаз» компаниясы Павлодар және Атырау қалаларындағы мұнай өңдеу зауыттарын толығымен сатып алып, Шымкент зауытын 50:50 қағидаты бойынша басқарып келеді.